Өлең, жыр, ақындар

Талғар

Алматыдан шығысқа қарай 25 км жерде, Іле Алатауының бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында ежелгі Талғар қаласы орналасқан. X ғасырдан бастап Талғар «Талхир» деген атпен белгілі болған. Қаланың орталық бөлігі мұнаралы бекініс дуалымен қоршалған. Бекініс дуалының қазірде сақталған биіктігі — 5-6 м, қалыңдығы — 15-17 м. Қалаға солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс тараптан кірер екі қақпа бар. Құрылыс орындарының қалдыктары бекініс сыртында да көптеп сақталған. Қаланың жалпы аумағы — 28 гектар. Қаланың іргетасы б.з. IX ғасырында қаланып, XI-XII ғасырларда гүлденген. XIII-XIV ғасырларда қала күйрей бастаған.

Қала орнынан зергерлердің, көзешілердің шеберханалары табылды. Олардан кыш ыдыс күйдіретін пештер аршылып, зергерлер мен ұсталардың, көзешілердің, ершілердің құрал-саймандары шықты. Қалада теңге шығаратын орын болған.

Гүлденген кезеңінде Талғар Іле өңірінің әкімшілік-мәдени орталығы болған. Талғар қазбалары бүкіл Іле өңірінің отырықшылық өмірі жайында құнды мәліметтер береді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз