Өлең, жыр, ақындар

Шаһмардан Есенов

Шаһмардан Есенов (1927—1994) — аса ірі ғалым және мемлекет қайраткері. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик. Ол Қызылорда облысында дүниеге келген. Жас маманның талантын алғашқылардың бірі болып Қ. Сәтбаев таныған.

Ш. Есеновтың адалдығы мен табандылығының арқасында Қазақстанда қысқа мерзім ішінде көптеген кен орындары ашылып, іске қосылды. Мысалы, Маңғыстаудағы мұнайлы-газды аймақтар, Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас, Бозащы, т.б. кен көздері бүгінгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі аса ірі кен орындарының қатарында саналады.

Ғалымның жетекшілігімен Қазақстанның кең масштабты геологиялық картасы жасалынды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз