Өлең, жыр, ақындар

Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 9555
Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.
Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,
Өмірдің қыздыратын жастық тойын.

Сүйріктей ақ білекті шебер саусақ,
Ақ шаңқан балапандай тұрған жусап.
Жаратылыс мақтаны — сұлу қызды
Көрген сайын құмарық артар сусап.

Ақ уыз — дене көркі, тік қос алма,
Магниттей тартқызған көрген жанға.
Әзірге көргенмен де, көптің бірі,
Мендік боп, мені сүйсең арман бар ма!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Шоң» серіктігін ашарда

  • 1
  • 1

Мынау жол, Шоң баласы, адамдыққа!
Сіздерді бастамайды жамандыққа.
Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,
Пайда жоқ, құрып қалғыр надандықта!

Толық

Қыз сүю

  • 1
  • 3

Қыз десе әркім кетер қызуланып,
Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.
Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы
Қояды бір қиқаңдап құшырланып.

Толық

Көк өгіз

  • 1
  • 0

Көк өгіз көзге толық, денесі мол,
Басқадан өзін өзі көріпті зор.
Табын тастап қосылды жылқыларға
Сиырмен бірге жүрсем болам деп қор.

Толық

Қарап көріңіз