Өлең, жыр, ақындар

Рухани жаңғыру болашаққа бастар

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Рухани жаңғыруда өркениеттің алға басумен байланыстырамыз. Тарихқа үңілсек , өскен ұлттың өркендеуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ертедегі уақыттағы көрікті ескі қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды:

Бәсекелестік қабілет.
Ғаламданудың әлемдік жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың сұраныстарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты.

Прагматизм.

Ұлан ғайыр қазыналарымызды орнымен қолданып, қорғау, бір көзқараспен жоспарланған межеге жету арқылы көптеген саяси радикалды идеалогияларға қақпан болудың бағытын ұсынды.

Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Президентіміз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни жұртымызға тән салт-санамыз, алтын мәдениетіміз осылардың барлығы бойымызда лаулап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сол кезде ғана ілгері басулар болатының құлақтандырды.

Білімнің салтанат құруы.

Дәл осы уақытта білім бағдарламаларының халқымызға пайдалы үлес қосып келе жатқанын айтып келіп, кіріс көзі тізгіні – ақылды келешек жастардың қолында екеніне баса назар аударды.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

ХХ ғасыр мұңдарын қаперімізге алып, олардан сабақ алу және де зобалаң туғызу экономикалық бұзылуына алып келетінін қазіргі таңда болып жатқан жаhандық толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой салды.
Қорытындылай келе, бұл президентіміздің ұтымды ережесі, жұртына арнаған  үндеу өсиеті деп ойлаймын.
Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан ойлап, жаңарудың даңғыл жолына түсуге елбасымыз болашақ мына бізге ортақ жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді.
Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың халқына берген жолдауында:” Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!”-деген.

Мен елбасымыз Н.Назарбаевтың осы жолдаумен толықтай келісемін  Еліміздің болашағы біздің қолымызда,яғни жастардың қолында. Еліміздің даму жолында ұлт-ұлтқа бөлінбей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ әр жасаған ісіміз өз жемісін береді деген сенімдемін.

Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар