Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Рухани жаңғыру — кемел келешек кепілі

Кезінде қытай ғұламасы Конфуций: «Халықты дамудың бұрын-соңды болмаған қуатты жолына түсірген, тарихта тәлім қалдырған тұлғаларды өмірден өзінің орнын тапқан адам»,–деп тұжырым жасаған екен.

Елбасымыздың «рухани жаңғыруға» шақыруы еліміздің келелі келешегіне бағытталған, халықтың жарқын болашағының бағдарламасы іспеттес. Келешекте халқымызға әлемдік дамудың даңғыл жолын айқын көрсетіп, келер белестерді жаңарған санамен бағындыруға үндейді. Адамзат жайлы адами ізгі қасиеттердің биігінен көрінген адам ғана тарихпен бүгінді, бүгінмен ертеңді рухани сабақтастырып болашаққа бағдар жасайтыны белгілі. Кезінде Гераклит адамзаттың  үш тірегін: ой бірлігі, сезім бірлігі, ерік бірлігін көрсеткен. Ой бірлігі – рухани табысу, сезім бірлігі – діни ұстанымдарды құрметтеу, ерік бірлігі – міндетсіз қызмет деген екен. Елбасының рухани жаңғыруға деген көзқарасы өзіндік жаңа форматтағы бүгінгі таңдағы ерекше құндылыққа толы құнды ойлар қоры болып отырғаны белгілі. Елбасымыз жаһанға түбегейлі жаңғыру жоспарын ұсынды сонымен қатар, қоғамдық сананы, танымды рухани жаңғыру арқылы өзгертуге бағдар берді. Бұл рухы әлсіреген, ойы шашыраған, қалтарыстан жол таппаған талайлардың санасына жарқ еткен сәуле түсірді, өмірге жаңа бір көзқарас қалыптастырып, қуат берер рухани қазынаның қайнар көзі деп білемін.

Қазіргі таңдағы күн санап болып жатқан өзгерістер әлемінде өмір сүру, алдыңғы қатарлы отыз елдің ортасынан орын алу үшін алдымен рухани жаңғыру қажет. Рух биіктігі санамен сабақтасып тұлғаны кемелдендірудің берік діңгегі болып табылады. Жаңа тарихи кезең қарсаңында рухани жаңару – ұлт санасының жаңғыруын жүзеге асыруды көздейді. Жаңа дәуірде заман талабына икемделу, жаңа қоғамның жағымды жақтарын санамызға сіңіруге негізделеді. Саналы түрде жаңғыру өткен тарихымызға, дәстүрлерімізге сын тұрғысында сынап қарамай, заманның сынағынан, тарихтың талқысынан өткен озық тәжірибеміздің жалғасын табу деген сөз. Сонымен қатар, ол рухани саналы түрдегі жаңғырудың қайнар көзіне айналып, дамудың арнасын тасытып, ауқымын кеңейтуде тиімді қолданылуы шарт. Ұлттың рухани жаңғыруы ұлттық сананың өзіндік қалыптасқан құдыретімен байланыстылығында және халқымыздың өмірлік тәжірибесі қиын-қыстау сәттерден ақыл парасатымен, ұлттық құндылығымен жол тауып, келер күнге сеніммен нық қадам басып алға ұмтыла білетін қасиетімен қашанда қадірлі.

Рухани жаңғыру тамырын тереңге жайған тарихымыздың, бүгінгі өмір салтымыздың, жарқын болашағымыздың өзара сабақтасып бір арнада тоғысуынан туындаған ұлттық санамыздың рухани үйлесімінің кепілі. Сана ашықтығы жастарымызды дүниенің әр тарабында ойып орнын табуға бағыттайды. Қоғам сұранысы күн санап өсіп, өзгеріп отырған заманда «сен де бір кірпіш дүниеге тетігін тап та бар қалан» деп ғұлама Абай айтқандай, Елбасымыз жаңа заманда жаңа талаптарға сай болып әлемдегі алдыңғы қатарлы ел болудың бір шарты – жастардың білімділігі, біліктілігі мен іскерлігінде екенін айқын көрсеткен. Бір сөзінде Елбасымыз «қазір бой жарыстыратын кез емес ой жарыстыратын кезең» деген болатын.

Ол үшін саналы түрде рухани жаңғырудың орны ерекше екенін тағы айтқымыз келеді. Ұлттық сананың кемелденуі ұлт ретіндегі жаңғырудың кепілі болатын ұлттық сана-сезімді, тарихымызды қастерлей отырып, құндылықтардың негізінде оны кемелдендірудің бағдары. Ұлттық болмыс сақталғанда ғана жаңғыру жүзеге асады. Демек, рухани жаңғырудың әр бағытында психологиялық астар жатыр.
Айтылған жайттарды жүзеге асыруда замандастарымыздың өмірге деген тұлғалық бағыттылығы, тануға деген танымдық жүйесі, сараптауға салар санасы жатыр емес пе? Олай болса, рухани жаңғыру адамның жан дүниесінен орын алып, санасында орнығуы шарт.

Сатанова Н.Ж.

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық

Университетінің 1-курс студенті

обы: Э-18-2

Жетекшісі: Аубакиров Е.Ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.

Серіктестер

Загрузка...