Өлең, жыр, ақындар

Тарихи сананы жаңғырту

Н.Ә.Назарбаев'' Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу''. 

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.

Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.

1. Бәсекелік қабілет 

Бәсекелік қабілет дегеніміз-бәсекелестік адамзат өмірінің әр сатысында, әр саласында кездеседі. Бәсекелестік ортасы жоқ жер мүлде болмайды. Сондықтан  "бәсекелестікке" анау айтқандай кесіп-пішіп, бәсекелестік мынау деп анықтама  беру қиын. Әркім өз мамандығы мен қызметі, тұрмысы мен білімі тұрғысынан түрлі анықтама беруі мүмкін.Бәсекелестік заманға, мекенге сай өзгеріп, дамып отыратын адамдық өмірге тән, табиғи және мәңгілік тоқтаусыз үрдіс.

2. Прагматизм

Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» атты ма­қаласында: «Табысты болудың ең іргелі, бас­ты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»
Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құра
отырып, Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды.
Сосын, 2030-Стратегиясын қабылдап
және Астананы салып, Қазақстан 50 да-
мыған елдің қатарына енді – бұл Екінші
жаңғырудың нәтижелері.
Үстіміздегі жылдан бастап, Қазақстан жа-
һандық бәсекелік қабілетке қол жеткізуге
бағытталған елдің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кірісті. Басты мақсат – Ұлт жоспа-
рын орындау негізінде әлемнің 30 озық
елінің қатарына ену.
Қазақстан Президенті елдің жүйелі және
дәйекті эволюциялық дамуын көздейтін
мемлекеттік саясаттың өзара байланы-
сы мен сабақтастығына көңіл бөле оты-
рып, еліміз аяқ басқан жаңа тарихи кезеңге тән қауіптер мен сын-қатерлерді жан-жақты бағалай келе өзінің рухани жаңғыру тұрғысынан болашаққа терең көзқарасын баяндады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек.

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.

Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!


Пікірлер (2)

Айкош

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз