Өлең, жыр, ақындар

Петропавлда заманауи Оқушылар сарайы ашылды

Петропавлда соңғы үлгiдегi Оқушылар сарайы ашылды. Осыған орай, оқушылар мен ата-аналар үшін ашық есiк күнi ұйымдастырылып, олар үйiрмелердiң жұмысымен танысты.

Жоғары технологиялық базасы бар «Digital URPAQ» сарайы «Цифрлық Қазақстан» аясында іске асырылған жаңа буынның интеллектуалдық даму орталығы саналады. Оқушылар сарайы робототехника, биотехнология, мехатроника және 3D түптүрліліктің орталығы болмақ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ашық есік күні мектеп оқушылары IТ-технологиялардың қыр-сырымен танысуға мүмкiндiк алды. Кiшкентай қонақтарға мерекелiк концерт те ұйымдастырылды. Ал фито аймақта балалар үшiн робот-актер Теспианмен фотосет өткiзiлдi.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкiмi Құмар Ақсақалов аталмыш нысанның маңыздылығын атап өттi.

«Оқушылар сарайы - Елбасының солтүстiкқазақстандық балаларға жасаған сыйлығы. Бұл барлық талаптарға жауап беретiн, әлемдегi озық IТ-технологиялар пайдаланылатын заманауи бiрегей ғимарат. Ондағы бiлiм беру, танымдық дәрiстер, робототехника, биотехнология, мехатроника, көркемөнер, мәдениет, шығармашылық, ойын-сауық үйiрмелерi, нақты ғылымдар орталығы - бәрi балаларға арналады. Оқушылар сарайы - балалардың бүгiнгi күнi орындалған арманы деп есептеймiн», - дедi Құмар Ақсақалов.

Оқушылар сарайында бiр мезгілде 1800 бала білім ала алады. Қазiр орталықта 87 үйiрме ашылған.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар