Сәкен Сәрсенов: Қазпоштаның міндеті — клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында компанияның басты міндеті не екендігін жазды. Оның сөзінше, Қазпоштаның бірінші кезектегі міндеті — клиенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру.

Басқарма төрағасы аталған жазбасын Атырау облысына сапары кезінде хабарлады. Іс-сапар барысында цифрландыруға қатысты бірқатар жобалар талқыланған.

«Бүгін Атырауға іс-сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мырзамен кездесіп, е-КСК, бірынғай төлеу құжаты, әлеуметтік карта, тұрғын үй индекстері, және басқа да цифрлық жобаларды енгізу мәселелерін талқыладық», — деді С. Сәрсенов.
Сондай-ақ, жуырда ғана ашылған өңірдегі сәлемдемелер супермаркетінің ерекшеліктерін атап өтті.

«Қоғамдық кеңес отырысына қатысып, пошта бөлімшелерінің жаңа ғимараттарын аралап, жаңа сәлемдемелер супермаркетін аштық. Жалпы аумағы 600 шаршы метр құрайтын жаңа сәлемдемелер супермаркеті электрондық табломен, ұрлыққа қарсы жүйемен, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағымен жабдықталған», — деп жазды Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, 7 пошта бөлімшесі релокация жобасының арқасында жаңартылған ғимараттарға көшірілді. Мұнда клиент аймақтары кеңейтілген, сәлемдемелерді сұрыптау үшін жеке үй-жай бөлінген, электрондық кезек іске қосылған.

Ал қоғамдық кеңес отырысында пошта бөлімшелерін жаңарту, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, тұрғындарға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, франчайзинг желісін және электрондық коммерцияны дамыту сынды мәселелер сөз болыпты.

«Кеңес мүшелерінің барлық ескертулері мен ұсыныстарын жұмыс барысында ескереміз және Атыраудағы филиалымыздың қызметін дамыту бойынша іс-шараларды жалғастыра береміз. Қоғамдық кеңестердің жұмысын өз басым қолдаймын. Осындай тәжірибені басқа да аумақтарға таратып, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, оның нәтижесімен бөлісу пайдалы деп ойлаймын», — деп түйіндеді Сәкен Сейтжаппарұлы. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Еділ

Кейбір бөлімдеріне басрсаң тасбақалар отырады)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)