Өлең, жыр, ақындар

Оқушы дағдыларын жетілдірудің маңызы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт е.м.
«Болашақ» мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Байбосынова Нағима Оналбаевна

Білім беру мазмұнының өзгеруі қандай қажеттіліктен туды?

Қазіргі уақытта  Қaзaқстaн әлeм тaнығaн бeдeлдi eлдердің қатарына aйнaлды. Eл экономикaсы күн өткен сайын қaрқынды дaмып, халықтың күнкөріс сaпaсы eсeлeп жaқсaруда. Елбасымыз Н.Ә.Нaзaрбaeв «Қaзaқстaнның әлeумeттiк жaңғырудa тaбысқa жeтуiнiң түйiндi фaкторы ұлттық бiлiм жүйeсiн жaңaртудың тaбысты өтуi болып тaбылaды», - дeп aтaп көрсeткендей жас ұрпақтың функционалды сауатты болуын уақыт талап етуде.

Күн сайын өзгеріп жатқан заманда бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер керек болды. Бұл – уақыт талабынан шығуға деген талпыныстан туған жауапты қадам. Негізгі білім берудің қалыптасқан дәстүрінен функционалды білім беруге көшу кезінде қазіргі күнде түрлі көзқарастар болып жатқаны белгілі. Білім беру саласындағы бұл үдеріс күрделі болса да, бұл уақыт талабы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ерекше басымдық берілгені – оқушылардың білім алуда төрт дағдыны (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) игеруі. Осы арқылы оқушы білімді функционалдықпен, шығармашылықпен қолданады. Сабақта оқушының сыни тұрғыдан ойлана білуі, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты қолдана алуы, коммуникавивтік қарым-қатынас тәсілдерін оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалануы, бірлескен топтық, жұптық жұмыс жасай білуі негізгі мақсат болып отыр. Тілдік төрт дағдылар оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді, өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады. Тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды, көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.

 Қазіргі кезде ұстаздар қауымы өздерінің бағыт-бағдарын анықтап, мақсаты мен міндеттерін түсініп, тұлғаны жан-жақты дамытуға бел шеше кірісті десек, артық айтпаған болар едік. Сабақтың тиімділігін арттыру үшін оқыту дағдыларымен бірге  оқушының танымдық қабілеттерін ұштайтын түрлі әдістер қолданылуда.  Оқушы белсенді әрекетке түсе отырып, өзіндік тәжірибе мен өмірге қажетті нәрселерді жинақтайтынына күн сайын көзіміз жетіп келеді.  Бұл жаңа білім беру мазмұнына тән бір ерекшелік әңгімелесу.Бұл айтылым-тыңдалым дағдыларының дамуына қатысты десек болады. Ш.Құдайбердіұлы: «Оқытудың ең үздік тәсілі-әнгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шенінен түсіп оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге айналуы»,- деп әңгіме әдісінің артықшылығын көрсеткен екен. Қазіргі білім саласындағы оңайдан қиынға қарай үйрету яғни Блум таксономиясының қолдануы да оқушылардың оқудағы дағдыларды меңгеруіне бағытталған тәсіл. Білу мен түсіну, талдау мен жинақтау, бағалау сатылары оқушы дағдыларын жетілдіруде өз нәтижелерін беріп келеді.  Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол ашады. Бұл бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық денгейге жеткізуді ұсынатын тәсіл десе болады. Бүгінгі күндегі өз сабағыма қолданып жүрген Блум таксономиясын қолдануда оқушының сабақта белсенді іс әрекеті арқылы оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіруде жүйелі тиімді оқыту үрдісін  көріп келемін. Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенеді. Өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанады. Қазақ тілі мен әдебиеттері сабақтарында оқушылардың дағдылары жетіліп,  алған білімін талдап, жинақтап, бағалауды үйреніп келеді. Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне сыныптағы ұжымдық жұмысқа бейімделуі жеке тұлғаның білімге деген құштарлығын толықтыра түсуде. Оқыту мен  оқудағы қазіргі кездегі жаңалықтар оқушы дағдыларын жетілдірудегі жұмыстар оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, білімдерін жан-жақты дамытуға түркі болуда.

Білім мазмұнындағы жаңа тұлғалармен өзгерістер ертеңгі ұрпақ тәрбиелеуде білім беруде негізгі бағыт болып табылады. Жарқын болашақтың жасампаз істердің негізі болып табылатын бұл өзгерістер еліміздің серпінді дамуына өз үлесін қосатын болатын болады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз