Өлең, жыр, ақындар

Зираттағы жыр

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 13895
Сәлем бердік,
Бейтаныс жолаушылар!
Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар.
Анау қырдың астында менің аулым,
Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар.
Менің үйім жылғаның жағасында,
Құйған тұсы бұлақтың қара суға.
Ағысымен бұлақтың тартса болды,
Сұрамай-ақ ешкімнен табасыңдар.
Шеткерірек, көшенің аяғында,
Тірлік етіп жүрген ем баяғыда.
Қалжырап кеп жұмыстан, қалғып кеткем,
Содан бері дәрмен жоқ оянуға.
Шешем байғұс жан еді сөзге білгір,
Сөйлесерлік кім оған кез келіп жүр?
Мұңын басып, ғаріптің көңлін ашып,
Әңгіме айтып берсеңдер өздерің біл.
Қысқа өмірдің сапары сөз бе құрғыр,
Асықпай-ақ, ас ішіп, көздеріңді іл.
Жарым менің жан еді дәті берік,
Беріктіктен жүр ме екен запы көріп?!
Балаларым ер жетіп кеткен шығар,
Алдарқауға келмес-ті тәтті беріп.
Қайсыбірін айтайын, қалды бәрі:
Ойы, тауы, орманы, балқұрағы.
Бесігіне туған жер бөледі де,
Әлдилейді алыстан тау бұлағы,
Мәңгі мені ұйқыда қалдырады...



Пікірлер (2)

Аман Құдайбергенов

Мұқағали атамыз нағыз ақиық бір туар ақын

Пікір қалдырыңыз

Сонарда

  • 1
  • 2

Күн аяз.
Қаңтарда ма, ақпанда ма,
Із кесіп, қан сонарға аттанғанда,
Қарайсың қырқаларға, қапталдарға,

Толық

Өмір толқыны

  • 0
  • 3

Жаралып жаңа ішінде ана,
Жай ғана жаттым жансыз бір жалқық.
Жалқықта сәуле кішкентай ғана,
Жүгіріп жүрген бетінде қалқып.

Толық

Тілектеске

  • 2
  • 1

Ей, бауырым!
Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды.
Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды.
Қыз-тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды,

Толық

Қарап көріңіз