Өлең, жыр, ақындар

Рухани жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

«Мұғалім – Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен тәрбие нұрын себуші – ұстаздардың қолында». Қазіргі біздің жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен азаматшалардың патриот тұлға болып қалыптасуы Отанына, туған жеріне, халқына деген ыстық махаббаты қамқор екендігін айқындайды. Әсіресе әрбір тұлға қоғам өміріндегі адамзаттық құндылықтармен, дәстүр мен салт – сананың дамуына адамгершілік  көзқарастар қалыптастыруы қажет. Қоғамымызға «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама енгізілді, бұл бағдарлама қазақ халқының қиын кезеңнен өткен, басынан кешкен оқиғалардан аман – есен бостандыққа қол жеткізіп, Тәуелсіз мемлекет екенімізді танытпақ. Атап айтсам: өзіміздің салт – дәстүрге берік екенімізді, халқымыздың мәдениетін жоғары деңгейге көтеретінімізді, ұлттық салт – сана мен сана – сезіміміздің асқақ екеніне сендіру, балалардың өз ойларын еркін әрі тиянақты жеткізуіне жол ашу.  Рухани жаңғырудың арқасында біз ұлттық тәрбиені де шектен тыс қалдырмаймыз, себебі, тұлғаны ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді білуге, қазақ халқының мәдениетін ұстануға, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ұлт өкілдері мен этникалық топтарды құрметтеуге жас жеткіншектерді жетелейміз.

Ұстаз – әрбір жеке тұлғаны білімге шақырып, тәрбиелеп, өзінің білгенін ұғындырып өсіретін маман. Жас маман – қазіргі талапқа сай, жан – жақты, білікті, психолог, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, алғыр, мақсат қоя білетін, рухани  бай, тәуекелшіл болуы қажет. Заман дамыған сайын оқушылардың қабілетіне қарай талап қойылмайды. Қазіргі мұғалім  тек бір саланы игеріп қана қоймай, өзінің және оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытып, тәрбиелік мәні зор іс – шаралар өткізіп, әр баланың санасына жететіндей рухани азықпен қамтамасыз етуі керек.

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы. Біздің еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін «рухани жаңғыру» бағдарламасын өркендетуіміз керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз