Өлең, жыр, ақындар

Еліміздің «Үздік педагогтарына» 2,4 млн теңге ақшалай сыйақы табысталды

Астанада Мұғалімдер күніне орай өткізілген айтулы іс-шарада «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шара барысында ұстаздар қауымын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев құттықтады.

«Баршаңызды бүгінгі Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Халықтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқорын да ұстаз өсіріп отыр. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Білім жүйесінің тірегі де , жүрегі де - Сіздерсіздер!», - деді Ерлан Сағадиев.

Министр өз сөзінде ұстаздар қауымы ұрпаққа білім беріп қана қоймай, жастарға болашаққа жол нұсқап, жөн көрсететінін атап өтті.

«Мен соңғы жылдары біршама жұмыс атқарылғанын айта кеткім келеді. Бірақ, әлі де алар асуларымыз жетерлік. Қазір стратегия, жоспарлармен мереке иелеріне жүктеме артқым келмейді. Айтарым - осынау күрделі әрі керекті мамандықты таңдағандарыңызға көп рахмет. Мұғалімді көп адам түсіне бермеуі мүмкін. Алайда, өзіміз біршама жолды басып өтіп, балаларымыз өсіп жетілгенін көрген кезде мұғалімнің қаншалықты үлкен еңбекті еңсергенін көреміз. Мен әке, оқушы және министр ретінде сіздердің күнделікті еңбектеріңізге алғыс айтамын», - деді Ерлан Сағадиев.

Айта кетерлігі, шара барысында «Үздік педагог» республикалық конкурсның жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министрдің қолынан марапат алған ұстаздарға Алғыс хат пен ақшалай сыйақы табыс етілді.

Биыл республикалық байқаудың аудандық және қалалық турларына 3 864, облыстық турларға 710 педагог қатысқан. Ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша республикалық комиссияның қарауына 147 құжат, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім педагогтарынан 109 құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 38 құжат келіп түскен.

Конкурстық комиссияның әділқазы алқасы құрамына еліміздің үздік мұғалімдері, әдістемелік кабинет әдіскерлері, біліктілікті арттыру институттарының оқытушылары, кәсіподақтар ұйымы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, журналистер енген. Байқау қорытындысы бойныша 48 орта мектеп мұғалімі және 16 колледж оқытушысы жеңімпаз атанған.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында 64 жеңімпазға «2018 жылдың үздік педагогы» төсбелгісі, куәлік, сондай-ақ, 1000 АЕК сомасында сыйақы табыс етілді. 

Марапатталған ұстаздар:

Аты-жөні

Жұмыс орны, лауазымы

1.       

Тердікбай Күшай

Астана қаласындағы № 9 «Зерде дарынды балаларға арналған мектептің математика пәнінің мұғалімі

2.       

Сабанбаева

Жанар Мұхаметбайқызы

Астана қаласындағы № 68 орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі

3.       

Жақыпов

Қабанбай Бекетұлы

Астана қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының география және қосымша білім беру мұғалімі

4.       

Ибраева

 Лаззат Шәріпханқызы

Астана қаласындағы № 22  мектептің математика пәнінің мұғалімі                                         

5.       

Арын

Ержан Омарұлы

Алматы қаласындағы  № 159                                 Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

6.       

Садықова

Бахтыгүл Сейтсұлтанқызы

Алматы қаласындағы № 173   мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

7.       

Сүлейменова

Манзура Рахматуллақызы

Алматы қаласындағы № 69      бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

8.       

Тәуекелова

Гүлбану Қонысбайқызы

Алматы қаласындағы № 57 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

9.       

Жүнісбекова

Дана Дүйсебайқызы

Шымкент қаласындағы М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған   № 8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі 

10.   

Алмабеков

Ермек Алмабекұлы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы  Есік қаласындағы   Абылай хан атындағы                      № 4 орта мектептің  физика пәнінің мұғалімі

11.   

Баймуратова

Зарема Маженқызы

Алматы облысы Жамбыл ауданы                                      Ү.Кәрібаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталықтың химия    және биология пәндерінің мұғалімі

12.   

Қабдығалиева

Айман Төлепбергенқызы

Алматы облысы Талдықорған  қаласындағы   №14 орта мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

13.   

Закирова

Назифа Анваровна

Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп-гимназияның  физика пәнінің мұғалімі   

14.   

Искакова

Дана Манапқызы

Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаттың  химия пәнінің мұғалімі

15.   

Саржанов

Орынбасар

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі

16.   

Қаражанова

Гүлсім Буржанқызы

Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің дефектологы

17.   

Қыдырбаева

Ботагөз Женісқызы

Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы № 6 гимназияның информатика пәні мұғалімі

18.   

Мынжасарова

Гүлназ Ізтілеуқызы

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың биология пәнінің мұғалімі

19.   

Нурғанова

Хадиша Едресқызы

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы  № 9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

20.   

Зұлқашева

Айзада Дүйсенбайқызы

Атырау облыстық дарынды  балаларға арналған интернаттық мекемесі бар  ұлттық гимназияның биология пәнінің мұғалімі

21.   

Шаяхметова

Қарлыға Іңкәрбекқызы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы  Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының география пәнінің мұғалімі

22.   

Кивина

Елена Степановна

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы  ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

23.   

Бутурлина

Тамара Сергеевна

 Шығыс Қазақстан облысы Дарынды балаларға арналған «Восток» зерттеу орталығы-мектеп-кешенінің математика пәнінің  мұғалімі

24.   

Киялбеков

Нариман Мәлікұлы

Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Ерекше дарынды балаларға  арналған  

мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттың математика пәнінің мұғалімі  

25.   

Полухина

Наталья Александровна

Жамбыл облысы Тараз қаласындағы № 24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

26.   

Сүгірбекова

Үміт Ізбасарқызы

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы № 1 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

27.   

Вологин

Николай Васильевич

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының С. Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі 

28.   

Сиражева

Светлана Халенқызы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандағы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері 

29.   

Саматов

Абылай Маратұлы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 1 «Білім инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі

30.   

Балапанова

Құндыз Серікқызы

Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 92 гимназияның  биология пәнінің мұғалімі

31.   

Жақсылықова

Әсемкүл Мұқашқызы

Қызылорда   облыстық дарынды балаларға арналған                                    Е. Әуелбеков атындағы №4 мектеп-интернаттың  тарих пәнінің  мұғалімі  

32.   

Прахнау

Виктор Иванович

Қостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-лицейдің физика және  информатика пәнінің мұғалімі 

33.   

Сейдағалиева

Гүлмира Қасымханқызы

Қостанай облысы Жангелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

34.   

Тарасова

Светлана Викторовна

Қостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

35.   

Саржанова

Күнімкүл Аманкосқызы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Оңды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

36.   

Бегейбай

Дина Медетқызы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы                  № 8 орта мектептің герграфия пәнінің мұғалімі

37.   

Досмагамбетова

Салтанат Сейітжанқызы

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының химия пәнінің  мұғалімі

38.   

Терёшкина

 Алина Генриховна

Павлодар облысы Павлодар қаласындағы № 29 «Мерей» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

39.   

Жақсылықова

 Жанара Жұмагұлқызы

Павлодар облысы Павлодар қаласындағы №16 мектп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

40.   

Есқалиева

 Айнагүл Жұмабекқызы

 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы  Әбу Досмұхамедов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

41.   

Шрайбер

Елена Иосифовна

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

42.   

Землякова

Елена Николаевна

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің физика пәнінің мұғалімі

43.   

Каюпова

Сәбира Жылгелдіқызы

Түркістан облысы Келес ауданы                               Ә. Жангелдин атындағы № 100 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

44.   

Жұмабеков

Асхат Советханұлы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Семей  қаласындағы математикалық бағыттағы филиалының физика пәнінің мұғалімі 

45.   

Мұнарбаева

Дариха Абсаматқызы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  филиалының Қызылорда  қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы филиалының биология пәні  мұғалімі

46.   

Қаппасова

Сандуғаш Елтайқызы

Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының «Балдәурен-Қапшағай» филиалының математика пәнінің мұғалімі

47.   

Жақыпова

Гүлнара Амангелдіқызы

Астана қаласындағы  Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының математика пәнінің мұғалімі

48.   

Қасымова

Лазим Талғатқызы

Астана қаласындағы  Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының биология пәнінің мұғалімі

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар