сайыс
ozgetil.kz

Оқушыларды автобуспен тасымалдау: Астанада «Мектеп bus» жобасы жанданбақ

«Astana LRT» ЖШС жуық арада «Мектеп bus» жобасы аясында қайтадан арнайы автобустарды шығаратын болады. Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева мәлім етті.

«Естеріңізде болса, «Мектеп bus» жобасын осы жылдың наурыз айында бастаған едік. Алайда былтыр оқу жылы аяқталып келе жатқаннан кейін ата-аналардың көбі оған қызығушылық білдірген жоқ. Ендігі кезекте осы қазан айында жобаны бастап кетуді қайта жоспарлап отырмыз. Себебі, ата-аналар тарапынан қызығушылық зор. Осы уақытқа дейін 330-ға тақау өтінім келіп түсті. Негізінен Назарбаев Зияткерлік мектебінің, «Нұр-Орда», №17, №81 және Қосшыдағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларын арнайы автобуспен жеткізуге ниет білдіруде», - дейді Науат Азанбаева.

«Мектеп bus» жобасының артықшылығы - «Astana LRT» ЖШС-ның арнайы автобустары баланы мектепке алып кетіп, қайтар уақытта қайта үйіне (үйіне ең жақын аялдамаға) жеткізеді. Аталмыш қызмет бір балаға - 20 мың теңге. Десе де, бір отбасыдан екі бала мектепке барған жағдайда жеңілдіктер қарастырылады. Ондай отбасыларға нақты қандай жеңілдіктер берілетінін компания әзірге талқылап жатыр.

««Astana LRT» ЖШС-дан аталмыш жоба үшін қанша автобус шығатыны әлі белгісіз. Себебі, өтінімдер әлі де қабылданып жатыр. Яғни, бәрі бала санына байланысты. Екіншіден, белгілі бір мектептен 15 баладан асқанда ғана автобус шығаруды ұйғарып отырмыз», - дейді Науат Азанбаева. 

Еске сала кетсек, «Astana LRT» компаниясы мектеп оқушыларын тасымалдау бойынша «Мектеп bus» пилоттық жобасын осы жылдың наурыз айында бастаған болатын. Аталған жобаны жүзеге асыру арқылы мектеп тасымалындағы бірыңғай стандарттың болмауы, оқушылардың қоғамдық көлікте келеңсіз оқиғаларға ұшырауы, таңғы уақытта кептелістің туындауы сынды бірқатар мәселені шешуге болады. 

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер