сайыс
ozgetil.kz

Алматыда ерекше балаларға арналған заманауи мектеп ашылады

Алматыда ерекше балаларға арналған заманауи мектеп ашылады. Бұл туралы ұстаздардың тамыз кеңесінде айтылды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтуынша, мегаполисте жаңа оқу жылында заманауи мектеп-гимназиясының пайдалануға беріледі. 1 200 орындық оқу ордасы инклюзивті оқыту жүйесіне бағытталған. Мектеп құрылысы тактильді жолдар, лифт, шақыру батырмасы қойылған арнайы санитарлық бөлмелерден тұрады.

Қала басшысының айтуынша бұл Алматыдағы бірегей мектеп болып саналады. Тіпті республика көлемінде соңғы әлемдік тәжірибеге сүйеніп салынған жалғыз ғимарат.

«Біз таулы аймақта өмір сүргендіктен сейсмотұрақтылық сауалы мазалайды. Әсіресе балаларын балабақша мен мектепке жіберетін ата-аналардың уайымы зор. Наурызбай ауданындағы жаңа мектеп сейсмоқауіпсіздік талаптарына сай. Мұндағы жиһаздар қабырғаға бекітілген. Бұл тәртіпті барлық білім орындарына таратуға тиіспіз. Біз халықаралық жетекші елдердің, оның ішінде Жапонияның тәжірибесіне сүйенеміз. Төтенше жағдайлар бола қалса жиһаздар құлап, балалардың сыртқа шығуына кедергі жасайды. Мұның кесірінен көбі сол жерде мерт болуы мүмкін. Бұл көп шығынды талап етпейтін қарапайым ғана сақтық шаралары. Есесіне оқу ғимараттарының қауіпсіздігі арта түседі», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, Алматыда 4 мектепте сейсмокүшейту жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы 28 мектепке осындай жүйе жасалған.

«Жыл соңына дейін тағы 7 мектепте сейсмокүшейту шаралары жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар сабаққа кедергі келтірмеуі тиіс. Басқарма осыны алдын-ала ойластыру керек », - деп нықтап айтты қала әкімі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер