Өлең, жыр, ақындар

Білім министрі гранттардың бөлінуіне қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мемлекеттік гранттардың тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

Өткен жылдары «Алтын белгі» иегерлері, түрлі конкурстар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары ұлттық бірыңғай тестілеуден қанша балл алғанына қарамастан басымдыққа ие болған еді. Олар тікелей грантқа түсетін. Жаңа ережеге сәкес, енді оларға жинаған балдары басқалармен бірдей болғанда ғана басымдық беріледі.

«Биыл заңнамаға аздаған өзгерістер енгіздік. Мемлекеттік гранттарды тек ҰБТ нәтижелері бойынша береміз. Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, біз де дарынды жастарды университеттердің өздері іздейтіндей жүйеге көшеміз. Ол үшін университеттерге басқаруда қаржылық, академиялық еркіндіктер берілді », - дейді Ерлан Сағадиев Алматыда суденттер арасында футзалдан әлем чемпионатының ашылуы алдындағы баспасөз конференциясында.

Министрдің сөзіне қарағанда, студенттер университет ішіндегі, университеттер арасындағы және халықаралық конкурстарда өз оқу орнының беделін арттыруға үлесін қосуы тиіс.

Университеттер айтарлықтай нәтиже көрсетіп жүрген спортшы студенттерге жеңілдіктер беру-бермеу мәселесін енді ректор шешеді.

Е. Сағадиевтің айтуынша, мектептерде денешынықтыру сабақтары аясында (аптасына 3 сағат) жарыстар ұйымдастыруға бөлінетін сағаттар 1 немесе 2 сағатқа көбейтілетінін жеткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар