Өлең, жыр, ақындар

Блогтарға арналған камера: бастапқы деңгейдегі бес камераны іріктеп алу

Біз — оқығаннан гөрі, көріп тамашалағанды ұнататын ұрпақтардың қатарынанбыз. Бүгінде атақты блогер болуды армандаушылар саны бұрынғы ғарышкер немесе өрт сөндіруші болуды армандағандар санынан көп. Сондықтан блогер болуды қалау немесе жай ғана камерамен бірге саяхаттау — таңғаларлық іс емес. Бірақ жаңа бастап жүргендерге қандай камера алған жөн? Бұл мақалада блогерлерге арналған немесе жай ғана бейнежазба түсіруді үйренгісі келетіндерге арнап бес әртүрлі камералар жайында сөз қозғаймыз. Олар өте үлкен емес, бағасы да қол жетімді, шағын камералар.

Sony FDR-X3000 — $650

Иә, бұл экшн-камера, бірақ оны кәдімгі камера ретінде де қолдануға болады. Мұндай кішкентай камераға орын көп керек емес және ешкімге кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, Sony FDR-X3000 өзіне ұқсас GoPro-дан әлдеқайда жақсы. Біріншіден, мұның Balanced Optical SteadyShot оптикалық тұрақтандырғышы керемет. Сандық тұрақтандырғышпен бірге тамаша сурет береді. Оны қалаған түсіру режиміне қоя аласыз: оптикалық, сандық және оптикалық немесе тұрақтандырғышсыз.

Бұл камера өз-өзіңізді түсіре беруге ыңғайлы. Камераны қосасыз, қолыңызды созасыз да влогты (бейнеблог) жаза бересіз. Айтпақшы, ұйқы күйінен шығу үшін немесе түсірілімді бастау үшін бір ғана түймені басу жеткілікті, әрі бұл өте ыңғайлы. Камерада жазбаны білдіріп тұратын бірден үш көрсеткіш бар. Сондықтан жазбаның жүріп, я жүрмей жатқанынан үнемі хабардар боласыз.

Мұның бейнежазба түсіру мүмкіндігі керемет. Ажыратымдылығы 4К 100 мб/с битрейтімен тек қана жазып қоймай, сонымен қатар өңдеп бере алады. Оған қоса баяулатылған түсірілімі Full HD кезінде120 к/с және 720 пиксельде 240 к/с бар. FDR-X3000 сурет сапасы керемет, бірақ бәрінен де камераның алдыңғы жағында орналасқан, түсірілім кезінде жабылып қалмайтын жақсы микрофонның бар болғаны қуантады. Бірақ ол сізге аздық етсе, сыртқы микрофонды қолдануға болады. Ол үшін микрофонды қосатын арнайы тетігі бар. X3000 су тамшыларынан сақтайтын қорғаныс қабатына ие. Сонымен қоса тағанға арналған бұрандасы да бар, GorillaPod-ты қолдануға, тағаннан суретке түсіруге өте ыңғайлы екен. Түсірілімді бақылап тұратын дисплейдің жоқтығын кемшілікке жатқызуға болады. Сыртындағы біртүсті дисплейден тек мәзірге кіруге және негізгі көрсеткіштерді бақылауға ғана болады. Екінші кемшілігі — бағасында. Камера қымбат тұрады, бірақ өзінің әмбебаптылығы мен мүмкіншіліктерімен бағасын ақтайды.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:

- Әмбебаптылық.
- Жақсы дыбыс.
- Дербестік.

КЕМШІЛІКТЕР:

- Бақылайтын дисплейі жоқ.
- Бағасы.

Canon Power Shot G7 X Mark II — $530

Егер де экшн-камера сіздің көңіліңізден шықпаса, онда классикалық, ықшамдау түрін қарастырған жөн. Біраз мүмкіншіліктер жиынтығымен қамтылған, аса үлкен емес камералар. Осындай камералардың ішіндегі ең жақсы камералардың бірі Sony RX100 V, бірақ бағасы өте қымбат 1000 доллар, ал Canon G7x MKII-ні оның жарты бағасына сатып алуға болады. Әлем бойынша влогерлердің, яғни YouTube желісіне салу үшін өздерін бейнежазбаға түсіретіндердің сүйікті камерасы болып табылады.

Бұл камераның ең басты кемшілігі — 4К ажыратымдылығында түсірмейді, ал қалған қасиеттері жағынан тамаша үлгі бола алады. 24-100 мм  керемет объектив орнатылған, оптикалық тұрақтандырғышы да тұрарлық. Камера объективінің фокустық ара қашықтығы ыңғайлы, кең бұрыштық ауқымы 24 мм кезінде влогтар мен табиғат көріністерін түсіруге ыңғайлы болса, телеобъективке дейінгі қашықтығы 100 мм кезінде портрет түсіруге немесе объектіні жақындатуға ыңғайлы. Диафрагма мәні минималды f/1.8, яғни жарық күші көп объектив деген сөз, ал дюймді матрицамен бірге қараңғы түнде де тамаша түсіре алады. Камера объективінде зумды да диафрагманы да реттей алатын басқару сақинасы бар, оның жүрісін бірсарынды үздіксіз қозғалыстан қадамдық қозғалысқа ауыстырып отырса болады.

Жалпы өзі кішкентай камера болса да басқару элементтерінің көптігі таңқалдыратыны сөзсіз. Canon-ға қажетті батырмаларды және экрандағы мәзірге жылдамдықты арту мақсатында керекті түймелерді енгізіп қойған. Негізінде G7x камерасының шағын өлшемі — оның ұтымды жері. Осындай кішкентай камера күрткенің, жолдорбаның тіпті әйелдер сөмкесінің қалтасына сыйып кетеді. Сонымен бірге шағын аккумуляторды сыртқы аккумулятордың көмегімен қуаттауға болады, және G7x көлемі сапасына еш кедергі болмағаны таңқалдырады. Сіз автоматты режимде автофокуспен де, немесе толықтай қолмен реттеп отырып түсіре аласыз. Премиум-шағын аппараттар ең алдымен саяхаттағанда және влог түсірген кезде қажет, жаңадан бастап келе жатқан бейне түсірушілерге және бейнеге түсірудің қыр-сырын үйренгісі келген талапкерлерге  көмегін тигізеді.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

- Өлшемдері.
- Автофокус.
- Тұрақтандырғыш.
- Ыңғайлы фокусты қашықтықтар.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

- Бейненің 4К-да түсірілмеуі.
- Әлсіз батарейка.

Panasonic Lumix G7 — $690 (14-42 mm Kit)

Panasonic Lumix G7–ні ықшамды, әсіресе қымбат емес камера деп айту қиын, бірақ Lumix GH5–пен салыстыратын болсақ, онда G7 расымен де кішілеу әрі арзандау көрінеді. G7-де біршама көп мүмкіншіліктер бар: секундына 30 кадр түсіретіндей 4К ажыратылымда бейне жазу, фокус-пикинг, жолақ және көптеген басқа да баптаулары бар. G70, бұл модульдік мүмкіншіліктерге ие жүйелі камера: ауыспалы объектив, микрофондар, монитор, батареялы тұтқа және тағы да басқалары. Бұл камераны шексіз жақсарта беруге болады, сіз егер бір деңгейге жақсырағын қалап Lumix GH4 немесе тіпті GH5s алсаңыз, онда Micro 4/3 форматындағы барлық объективтерді жаңа камерада да қолдануға болады.

Panasonic Lumix G7 бүгінгі таңда 4К бейнетүсірілімі бар қолжетімді жалғыз жүйелік камера десек болады. Оның влог түсіруге болатындай айналатын дисплейі бар, аса қатты ауыр да емес және керемет дербестікке ие. Бұл камераның кемшілігіне құлаққапты жалғайтын электронды шығысының жоқтығында. Екінші жағынан, мұнда сыртқы микрофонға шығыс бар, бұл әрине сапалы дыбыс жазуда әлдеқайда маңыздырақ.
Бұл камераға қосымша объектив сатып алуға тура келеді, немесе бірден Kit сатып ала салу керек, яғни камера мен объектив жиынтығын. Жиынтық қарапайым келсе14-42 мм f/3.5-5.6, бағасы шамамен 690 доллар. Бұл түсіруді жаңадан бастап келе жатқандарға жарайды. Уақыт өте келе сіз жақсы зум, портретке түсіруші немесе кеңбұрышты ауқымдайтын аппараттардың қажеттілігін түсіне бастайсыз.

Lumix G7-нің тек бір елеулі кемшілігі — автофокус. Ол қатты жылдам да емес, дәлділігі де нашар. Ең жақсысы автофокуссыз жұмыс істеуді үйрену, бірақ автоматиканың да ебін тауып алуға болады. Негізінен Lumix G7-нің орнын басушысы бар, егер ақшаңыз жетіп тұрса бірден Lumix G80 сатып алсаңыз да болады. Бұл камера да шағын, бірақ біршама жақсартылған қосымшаларымен. Айқын бейнеден, еш қиындықсыз бейнежазбаны қолдың дірілдегенінен қорықпай қолмен-ақ түсіруге болатын матрицалық тұрақтандырғышқа дейін жинақталған. Мұндай камера 12-60 мм объективпен бірге шамамен 1100 долларға шығады.

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ:

- Бейнежазба баптауларының көптігі.
- 4К және бейне сапасы.
-  Бұрылмалы дисплей.
- Ауыспалы объективтер.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

- Автофокусы жақсы емес.
- ISO 800 ден кейін шуылдың болуы.

Canon EOS M50 — $670 (15-45 mmKit)

Canon — айналы камера шығарудан ең танымал компания. Жапондықтар айнасыз камераларды жасаудан біраз уақыт артта қалған еді. Бірақ, жақын арада компания EOS M50 камерасын жарыққа шығарды. Бұл жаңадан бастап жүрген блогерлерге және влог түсірушілерге ыңғайлы,өте қызық, қымбат емес камера. Өзі шағын ғана. Оның ауыспалы объективтері, жақсы автофокус пен бұрылмалы дисплейі бар. EOS M50 4К ажыратылымында бейнежазба түсіре алады, егер бейнежазбаларыңызды UHD ажыратылымында түсіруді көздеген болсаңыз,сіз үшін бұл өте маңызды болмақ. Егер сіздің жобаңыз Full HD –де болса, жоғарғы ажыратымдылық бейнежазбаны бағдарламада өңдеген кезде керек болады.

EOS M50-дің мәзірі ыңғайлы, бұл Canon қолданушылары үшін үйреншікті болса, жаңадан сатып алғандарға да қолдану оңайға түспек. Бұл камераның матрицасы айтарлықтай үлкен. Panasonic G7-ге қарағанда APS-C сенсоры үлкендеу, салдарынан М50 жарықты көбірек ала алады, фокустары тең қашықтықта болған кезде кадрға да ақпарат көбірек беріледі. Сонымен қатар М50 фотосуретке түсіруден нашар емес. Шебер қолдар керемет кадрлар алатыны сөзсіз. Бірақ біз бейнежазба жайында айтып отырғандықтан, EOS M50-де фирмалық Dual Pixel CMOS AF технологиясы бар екенін айта кеткен жөн. Сірә, бұл бейнежазба түсірудегі ең үздік автофокус. Сіз влог түсіріп жатқан кезде, әсіресе жүріп бара жатқанда немесе жарық аз түскенде автофокус жайында уайымдамай-ақ қойсаңыз болады. Алайда, Dual PixelFull HD бейнежазбасында ғана жұмыс істейді, 4К камера әдеттегі қарам-қарсы автофокусымен шектеледі, одан ғажап туынды күтудің қажеті жоқ.

Дегенмен, EOS 50M бағасына қарай, әдемі фильмдер мен мықты влогтар түсіруді үйренгісі келген жандарға ең жақсы камералардың бірі. Сонымен қатар, оның фирмалық жалғастырушы тетігі арқылы Canon-ның үлкен толық кадрлы объективтерін жалғап қолданса болады. Ол Full HD бейнежазбаны секундына 50 кадр түсіре алғандықтан баяулатып түсіру мүмкіндігіне ие боласыз, және 720 пиксель кезінде секундына 120 кадр түсірсе аласыз. Айта кететін ең маңызды жайт – М50-дің ақ түстісі бар. Біртүсті камералар әлемінде бұл арпа ішіндегі бір бидай десе болады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

- Тез әрі нақты автофокус.
- 4К және бейнежазба сапасы.
- Бұрылмалы дисплей.
- Ауыспалы объективтер.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

- Сиымдылығы төмен аккумулятор.

Sony FDR-AX33 — $770

Бұл топтамадағы жалғыз бейнекамера — Sony FDR-AX33. Мұндай камераларды «хэндикам» немесе «камкордер» деп атайды, олардың артықшылықтары да кемшіліктері де бар. Sony FDR-AX33 влог түсіруге керемет аппарат емес, дегенмен, объективтер мен баптауларды ауыстырып отыруға уақытын кетіргісі келмей, жай ғана әдемі бейнежазба түсіргісі келетіндерге арналады. Камкордер бейнежазбаны жиі әрі көп жазатындарға таптырмас құрал, оған қоса сурет сапасы да жоғарғы деңгейде, ал 4К ажыратымдылығында жазуға болатындығы монтаждау кезінде біраз еркіндік береді. Sony FDR-AX33 жаңадан түсіріп жүргендерге де сай келетін аппарат.  Бейненің тұрақтылығы штативті өзіңмен бірге алып жүрмей, бәрін қолмен ұстап түсіруге мүмкіндік береді. Аспаздық шоу, туған күн немесе қаланың әсем көрінісі сияқты кез-келген бейнежазбаны қолға ұстап түсіру мүмкіндігі камкордерлердің айрықша ерекшелігі.

Sony FDR-AX33 10 еселі оптикалық зум болуымен ыңғайлы, яғни суретті сапасын жоғалтпай жақындатуыңызға болады. Егер кадр сол мезетте қолмен түзеуді талап етсе, ондай баптаулары да қатар істеп тұрады. Мұндай камералардың кемшілігіне біржақтылықты жатқызуға болады. Егер әдемі, көлемді орынға қоса адамды және бұлыңғыр артқы кадрды түсіргіңіз келсе, онда камкордерлер сізге көмектесе алмайды.  

Мұндай камералар операторлық істі үйренгісі келетіндерге емес, жай ғана өзіне контент жинау үшін немесе отбасылық бейнежазбалар түсіруге арналған. Егер сіз бейне жұмыс құралыңыздан ләззат ала отырып, кәсіби өскіңіз келсе, онда Canon EOS M50 немесе Panasonic Lumix G7-ге көз салыңыз. Тізімдегі дәл осы екі камера сізге толық бақылау мүмкіндігі мен шығармашылық еркіндік бере алады. Бірақ ол үшін біраз материалдық бөлімін оқып меңгеру керек

.АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

- Керемет тұрақтандырғыш.
- Сурет сапасы.
- 4К.
- Шағын және ыңғайлы.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

- Шығармашылық түсірілімге жарамайды.
- Жарықтандыру төмен кезінде шудың болуы.

Алғашқы камераны таңдаған кезде барлық блогерлер айналы Canon-ға немесе айнасыз Panasonic және Sony сияқты үлкен камераларға ұмтылады. Бірақ біз влог пен ауқымды бейнежазбаны түсіруге болатындай, аса үлкен емес, әрі шағын түрлерін саналы түрде іріктеп алдық. Камераны бірнеше мың долларға сатып алуға асықпаңыз, қолжетімді түрлерінен, мысалы біз кеңес берген түрлерінен бастасаңыз болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз