сайыс
ozgetil.kz

Жасанды интеллект онкологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі

Алматыда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеуде, дәрігерлерге дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін жасанды интеллект жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.

Бағдарлама бүкіл әлем бойынша онкология саласындағы ғылыми зерттеулер, мақалалар мен жарияланымдар туралы деректерге негізделіп жасалған. Дәрігердің науқас туралы енгізген мәліметтері негізінде плафторма талдау жасайды. Нәтижесінде ол маманға онкологиялық науқастарды емдеуге арналған нұсқаларын ұсынатын болады. Ал науқастың диагнозының соңғы шешімін дәрігерлер қабылдайды.

«Жүйе осы зерттеулерді әр пациентке жеке түрде енгізеді және жалпы емдеуде, атап айтқанда, соңғы ғылыми зерттеулерге негізделген дербестендірілген емдеу тәсілін емес, осы емделушіге қандай емдеу процесін қолдану керектігін анықтайды», – деді, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.

Бұл бағдарлама қазірдің өзінде әлемнің 25 елінде тиімділігін дәлелдеді. Жобаны алғашқы кезеңде Алматыда тестілеу жоспарланған. Егер жүйеніңнәтижелілігі дәлелденсе, ол бүкіл республика бойынша енгізілетін болады.

Айта кетелік, бүгінге дейін медицинада мәліметтерді – кітаптарды, ғылыми жарияланымдарды, барлық дерлік клиникалық хаттамаларды сараптап, бір минуттың ішінде емдеуге ұсыныс беріп отыратын «Ватсон» деп аталған жасанды интелект қолданылып келген болатын. Яғни, дәрігерге емдеуде барынша тиімді жолдармен қатар бар технологияларды және ғылыми жарияланымдарға сілтеме береді.

2017 жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен ІВМ компаниясы денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Министрлік алғашқы пациентті ақпан айында емдеуге ұсыныс алды.

Жасанды интеллект ғылымның жаңа бір саласы ретінде ХХ ғасырдың ортасынан дами бастады. Оның қарыштап ілгерілегені соншалық, қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Бастапқы кезеңде бұл бағдарламалық жүйе адамның еңбегін алмастыратын көмекші құрал ретінде ғана пайдаланылған болатын. Қазіргі мүмкіншілігі адамның қабілетінен де асып түсіп, оның ақыл-ойы жете бермейтін жағдайларда көмекке келетін болды.

Назар аударатын бір жайт, жасанды интеллект бағдарламасының қауіпсіздігі үш деңгеймен қорғалатындықтан, кибершабуылдар жасалады деп қауіптенбеуге болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)