Өлең, жыр, ақындар

Енді ақылы автотұрақ ақысын мобильді бағдарлама арқылы төлеуге болады

«Астана қаласы көлік кеңістігін басқару» ЖШС 2018 жылдың шілде айынан бастап қала тұрғындары мен қонақтарына ақылы автотұрақ құнын төлеудің ыңғайлы формасын ұсынады.

Енді ақылы автотұрақ құнын Senim мобильді қосымшасы көмегімен төлеуге болады.

Ол үшін:

1) Senim мобильді қосымшасын жүктеу;

2) жүйеде тіркелу және балансты толтыру;

3) «Баптаулар» қойындысында Senim Parking кіру;

4) көлігіңіз туралы барлық ақпаратты енгізу;

5) Ақылы автотұрақ құнын бір тетікпен төлеу.

Тұрақ құны таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін сағатына 100 теңге. Төлем көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс. Ал демалыс және мереке күндері тұрақты пайдалану тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі мен төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы www.2888.kz. сайтынан да толығырақ ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ, 8-800-080-28-88 тегін нөміріне немесе қалалық 109 бірыңғай байланыс орталығына да хабарласуыңызға болады.

Халықаралық тәжірибелерге сүйенсек, ірі қалаларда ақылы көлік тұрақтар енгізілуінің нәтижесінде бірқатар кедергілер жойылып, келеңсіздіктер реттелген. Мәселен, ақылы тұрақтар Бордо (Франция) қаласын көлік кептелесінен түбегейлі құтқарды. Бұған қоса, жергілікті халқы қоғамдық көліктермен жаппай жүре бастап, қоғамдық транспорт дамыпты. Осыған байланыстыбұл қала экологиялық тұрғыдан таза, жайлы аймақтардың біріне айналған екен. Ал, Варна (Болгария) қаласында да кептеліс атымен жоқ. Оған себеп – ақылы тұрақтар мен жол қозғалысының дұрыс ұйымдасуы. Сондай-ақ, Жапонияда ақылы көлік тұрақтарының арқасында тәртіп бұзушылықтар азайды. Ондағы ақылы тұрақ кеңістіктері өз-өзіне қызмет ету жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 15-ші қаңтарында Астана қаласының Нұржол бульварында ақылы тұрақ іске қосылды. Қаланың көше-жол желісінің  жүгін жеңілдету  және жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары қозғалысы үшін  қолайлы жағдай жасау - жобаның басты мақсаты саналады. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, «Алтын Қыран» және «Халық Қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, Ауғанстандағы және басқа елдердегі әскери іс-қимылдан жапа шеккен мүгедектер мен ардагерлер тұрақ үшін ақы төлемейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар