Математикадан ҚР құрамасы Грекия олимпиадасында 3-орын алды

Грекияның Родос қаласында өткен математикадан Жасөспірімдердің халықаралық Балқан олимпиадасында Қазақстан құрамасы үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасы 22 елдің өкілдері арасында Румыния мен Сербиядан кейінгі 3-орын алса, 7 қонақ елдің ішінде 1-орынға табан тіреді. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Данат Дүйсенбеков (Астана қаласы, Білім инновация лицейі) пен Нұртас Шынтас (Алматы қаласы, Білім инновация лицейі) алтын алса, Асылбек Олжабаев (НЗМ, Алматы қаласы), Тамерлан Бурамбаев (РФММ, Астана қаласы), Тоғжан Шынтай (№165 мамандандырылған лицей, Алматы қаласы) күміс медаль иеленді. Ал «қола» Ярослав Топоровқа (РФММ, Алматы қаласы) бұйырды.

Олимпиадаға барлығы 132 жас математик қатысты. JBMO-2019 Кипрда өтеді.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)