Отбасылық Unity фестивалі

9 және 10-маусымда Алматы қаласындағы Орталық демалыс және мәдениет саябағында халықаралық  Достық Күніне орай VI Unity Fest отбасылық фестивалі өтті.

Unity фестивалі — мереке мен үйлесімнің, шығармашылықтың және жаңа білім мен өнер үйренудің көңіл-күйі қалыптасқан орын. Бұл жыл сайын мыңдаған ересектер мен балалар қатысатын шығармашылық орта. Бұл сондай-ақ U-Special бағдарламасы бойынша шақырылған мүмкіндігі шектеулі балаларды, балалар үйінен келген балаларды және аз қамтылған отбасының балаларын, туысқандарының қолдауынсыз қалған балалалы әйелдерді де белсенді болуға шақыратын мағыналы әлеуметтік жоба.

«Фестивальда балаларды әрі қарай қалай және қайда дамытуға болатыны жөнінде көптеген ақпарат алуға болады. Шығармашылыққа, шеберлікке, білімге қызығушылық таныта отырып балалар ата-аналарына немен айналысқылары келетінін, өздеріне ненің ұнайтынын көрсетеді. Unity Fest фестивалінде біз 600 қатысушы мен 60 серіктестің бастарын қосамыз», — деді отбасылық Unity фестивалінің директоры Ботагөз Алданғарова.

Unity фестивалінің көп жылғы серіктестерінің бірі — халық арасында қаржылық сауаттылықты белсенді түрде дамытып жүрген Хоум Кредит Банкі.

Бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық тақырыбы ересектер ғана емес, балалар үшін де өзекті және маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі уақытта көптеген балалардың ақшаны дұрыс пайдалану дағдысын білмей өсіп келе жатқандары жасырын емес. Ал ақшаны дұрыс пайдалануды балаларға ерте жастан бастап үйреткен өте маңызды. Қаржылық сауаттылық балаларға дұрыс үнемдеуді, қаржылық мақсат қоя білуді, бюджет құрып және ақшаны таратуды үйретіп, банктердің қалай жұмыс істейтіні туралы білімдерін арттырады.

Жауапты әрі қауіпсіз несиелеуге, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығына көп көңіл бөле отырып, Хоум Кредит Банкі ересектер үшін де, балалар үшін де белсенді түрде өткізілетін қаржылық сауаттылықты арттырудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жасады.

Банктің Қоғаммен байланыс бойынша басшының қызметін атқарушысы Э. Нұрбаева: «Біздің банк Unity фестиваліне осы бір отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған тамаша іс-шараның бірінші күнінен бастап қолдау көрсетіп келеді. Фестивальда біз әдеттегідей қаржылық сауаттылық бойынша бағдарлама аясында «Қаржылық сауаттылық шамшырағы» деген алаңқайда екі күн бойы фестиваль қатысушылары үшін түрлі көңіл көтеретін және үйрететін іс-шаралар өткіздік».  

Биыл «Қаржылық сауаттылық шамшырағы» алаңқайы балаларға «Қазына іздеу» шытырман квестін, қаржы тақырыбына байланысты көптеген ойындар мен викториналар, сондай-ақ ең кішкентай қонақтар үшін сурет салу байқауын өткізді. Ерекше көзге түскен балаларға банк естелік сыйлықтар, сонымен қатар «Балаларғаарналған отбасылық қаржыны өзі үйреткіш. Балалар мен ақша» кітабын сыйға тартты. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)