Өлең, жыр, ақындар

Адамдық борышың

Адамдық борышың

 

Өмір шексіз керуен,

Оған ешкім жете алмас.

Аяқ бассаң сеніммен,

Жүзің болар мұңаймас.

 

Адалдықты үлгі етсең,

Алла серік жаныңа.

Адамдықты үлгі етсең,

Ала ламас сені жауыңда.

 

Адамдық мынау борышың,

Алла алдында адал бол!

Дүниеге сені әкелген,

Ана алдында аман бол!

 

Адамдық мынау борышың,

Халқыңа адал қызмет ет.

Өмір атты керуеннен,

Амалсыз-ақ адал өт!


Пікірлер (3)

nurmoldaayauzhan

Жұмабике адамдық пен адалдықты алдыңғы қатарға қоятын жан екеніңіз өлең шумақтарынан көрініп тұр. Өлең мағынасы анық, айқын. Табыс тілеймін!

nurmoldaayauzhan

Жұмабике адамдық пен адалдықты алдыңғы қатарға қоятын жан екеніңіз өлең шумақтарынан көрініп тұр. Өлең мағынасы анық, айқын. Табыс тілеймін!yesyesyes

Жазира

Өлеңдер бөліміне енгізу керек еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз