сайыс
ozgetil.kz

Шахтерларға шымшық не үшін қажет болды

«Келу» («Arrival») фильмінде ғалымдар бөгдеғаламшарлықтардың кемесіне мінген кезде неліктен өздерімен бірге тордағы құсты алып кірді?  

Шымшықтар ауа құрамындағы кез-келген өзгеріске өте сезімтал болады. Егер олар жайсыздықты сезінсе бірден қатты шырылдап, сайрап, мазасызданып, өзін әдеттегіден басқаша ұстай бастайды.

19-ғасырда тордағы шымшықтарды шахтерлардың өздерімен бірге алып жүргендері белгілі.  

Адам сезе алмайтын газдар буланған кезде шымшықтар кенеттен мазасызданып, тіпті өліп қалатын болған.  

Шымшықтарды электронды құрылғылар пайда болғанға дейін, шахтадағы газды анықтайтын индикатор ретінде пайдаланды. Шымшықтар ауа құрамындағы өте аз мөлшерде болса да, уытты және жарылысқа қауіпті газдарды бірден сезе алады. Шахтерлар құстың әрекетін бақылап, жұмыс істейтін.

Егер құстар мазасыздана бастаса немесе жатып қалса, шахтерлар тез арада жердің бетіне шыққан. Бірақ мұндай жағдайда құстар міндетті түрде өліп қалмайтын. Ауа қалпына келген кезде олар естерін жияды. Кейінірек шымшықтың есін тез жидыратын, ішінде оттегі бар құралдарды пайдаланды.

Құстың  мұндай сезімталдығы оның күрделі тыныс алу жүйесіне байланысты.

Олар оттегі аз биік жерлерде тыныс ала алады. Бірақ уытты газдарға өте сезімтал болады. Сондықтан олар адамға қарағанда тез уланып қалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)