Өлең, жыр, ақындар

Неміс дәріханасынан әлемдік косметика империясына дейін: Schwarzkopf тарихы

Үй жағдайында қолдануға арналған шаштараз заттарын шығарып, косметика нарығында революция жасаған компанияның табысты жолы жайлы айтпақпыз.

Ганс Шварцкоптың алғашқы қадамдары

Шашқа арналған құралдарды шығаратын әйгілі өндірушілердің бірі Ганс Шварцкопф ата-бабасынан келе жатқан химик және фармацевт болған. Әуелде ол бәрі білетін құралдарды сатумен айналысты. 1898-жылы Шварцкопф Берлинде «Бояулар, дәрілер, әтірлер» деген шағын дүңгіршек ашты.

Тарихқа үңілсек, оның Англиядан келген клиенттерінің бірі Лондонға барғанда қолдануға болатын шағын пакетке салынған сусабын сатуын өтінген. Шварцкопфтың дүңгіршегінде ондай ешнәрсе табыла қоймады. Алайда, дүңгіршек иесіне сондай бірнәрсе жасау туралы ой келді.

Жаңа өнім жасау үшін фармацевтке 5 жыл уақыт керек болды. Ақыры шегіргүл иісімен күлгін түсті «Schaumpon» суда еритін алғашқы ұнтақ сусабын сатылымға шықты.

Жаңа тауар ауқатты неміс әйелдері пайдаланатын қымбат майлар мен шашқа арналған қатты сабындарғы мықты бәсекелес болып, тез арада әйгілі болды. Ол шаштарын табиғи өнімдер — жұмыртқа, сүт және сырамен жуатындар үшін де көмекке келді.

Алғашында жаңа сусабын Шварцкопфтың дүңгіршегінде ғана сатылып, бір қаптамасы 20 пфеннинг (цент) тұрды. Бірақ бір жылдан кейін ұнтақты сусабын Берлиннің барлық дәріханаларында сатылып, көп ұзамай халықаралық нарыққа да шықты. Алғашқы жеткізілім Голландия мен Ресейде болды.

1903-жылы жаңа брендтің атау мен логотипі пайда болды. Ганс Шварцкопф неміс тілінен аударғанда «қара бас» деген мағынаны білдіретін өз тегін сауда белгісі ретінде қолданбақ болып шешіті. Ұнтақты сусабын сұлулық нарығында ұсынылған алғашқы фирмалық өнім болды. Ал «Schwarzkopf» — Германиядағы алғашқы косметикалық бренд еді.

Немістерден бұрын ұнтақты сусабынды ойлап тапқан есімі белгісіз ағылшындықтан айырмашылығы, Шварцкопф әуел бастан-ақ маркетингке бейімділік танытып, өз өнімін патенттеп алды. Осылайша оның тауары ресми түрде әлемдегі алғашқы ұнтақты сусабын болды. Сонымен қатар дарынды өнертапқыш өз компаниясының «Сіздердің шаштарыңыз үшін ең жақсысы!» деген ұранын да ойлап тапты. Бір қызығы, қанша жыл өтсе де, осы сөйлем брендтің ең басты ұраны болып қала берді.

Химик алдына шашты жуып қана қоймай, емдей де алатын сусабын жасау туралы мақсат қойып, өнімдерін жетілдіре берді. Ол шашты жуғаннан кейін жұмсартып, тегіс ету үшін сусабын құрамына бадам майы мен пантенол қосты. Үлкен табысқа жеткен Шварцкопф дәріханадағы заттар мен ілеспелі тауарлардың бәрінен бас тартып, шаш күтіміне арналған құралдарды жасауға толықтай бет бұрды.

Бір жылдан кейін фармацевт сусабын шығаратын зауыт ашты. Сұраныс бұрынғыдай ұсыныстан артып кетті. Сондықтан төрт жылдан кейін тағы бір зауыт ашылды. Мұндай дүркіреген табыстың ең басты себебі жай ғана -  брендтің бәсекелесінің болмауында еді. Schwarzkopf компаниясы нарықта монополист болды.

Атағымен қатар компанияның ассортименті де арта берді. Химик өнімге емдік шөптер мен әртүрлі иістерді көптеп қоса бастады. Осылайша, түймедақ, шөп, аққайың және барлығы 8 атаулы басқа сусабындар пайда болды.

Дарынды өнертапқыш мұнымен тоқтамас еді. Алайда, Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталып кетті де, өндіріс тоқтап қалды. Немістердің де, басқа еуропалықтардың да бұрынғыдай шаштарына мұқият қарайтын ақшалары да, мүмкіндіктері де болмады. Адамдар бәрін үнемдей бастады. Ең алдымен косметикаға үнемдеп, сусабын бұрынғыдай сұранысқа ие болмай қалды.

Бірақ соғыс аяқтала салысымен, фабрикалар қайтадан жұмыс істей бастады. Сол кездері Ганс Шварцкопфтың сусабынын пайдаланбайтын немісті табу мүмкін емес еді. Бірнеше жылда компания өндіріс көлемін екі есе арттырып, бәрін қалпына келтіріп алды. Алайда брендке басқа бір қиындық туындады – 1921-жылы неміс химигі аяқ астынан жүрек ұстамасынан көз жұмды.

Shwarzkopf-тың жаңа өнімдері

Компания қожайыны қайтыс болғаннан кейін оны Шварцкопфтың жесірі мен үлкен ұлы кіші Ганс басқарды. Олар күйеуі мен әкесінің ісін сақтап қана қоймай, кәсіптерін одан әрі дамытты. Өнімдерді алға жылжыту үшін аз ақша бөлінбеді —1925-жылы Schwarzkopf компаниясы жарнаманың өзіне 3 млн маркаға (€1,4 млн) жуық қаражат бөлді. 1927-жылы брендтің революциялық жаңа өнімі – әлемдегі ең алғашқы сұйық сусабын шықты.

Ұнтақтың әйгілі болғанынан қарамастан, тұтынушылар оны пайдаланудың ыңғайсыз жақтарын айтып, жиі шағымдана бастады. Алдыңғы түріне қарағанда сұйық сусабын аллергиялық реакциялар тудырмады және көпіршіді. Бірақ ең бастысы, жаңа құтының мөлшерлеуіші бар еді. Бұл сусабынды пайдалануды үнемді етті. Мұны есепшіл немістер бірден байқады. Бір жыл ішінде Schwarzkopf тұынушыларына жаңа сусабынның бірден бірнеше нұсқасын ұсынды.

Косметика нарығында өзіне жаңашыл ретінде көрсете білген бренд Берлинде «Шаш күтіміне арналған институт» деген шаштаразшыларға арналған алғашқы оқу орталығын ашып, жаңа өндірістік күштер құрды. Компания бөлімшелері бүкіл әлемде ашыла бастады.

Сұйық сусабынның нарыққа шыққанына көп бола қоймастан компания келесі жаңа өнімі — алғаш рет шашқа арналған кондиционерді шығарып, патенттеп алды. 1930-жылдың басында бренд өз тауарларын дүкендерде ғана сатып қоймай, шаштараздармен және сұлулық салондарыман тығыз қарым-қатынас орната бастады. Бүгінгі күнге дейін компания өнімдері кәсіби мамандар арасында ең көп сұранысқа ие.

Осындай зор табыстарына қарамастан бренд алған асуында тоқтап қалмады — Schwarzkopf ішінде бұрынғыдай зерттеу жұмыстары жалғасын тауып жатты. 1933-жылы компания шашқа арналған жаңа Onalkal құралын — нарықтағы алғашқы сілтісіз сусабынды ұсынды.
Әуелде ол суға онның бірге қатынасындай мөлшерде араластыратын құрғақ және концентратты екі нұсқада шығарылды. Бұл жаңалық қазіргі сусабындардың негізі.

Бренд шаш күтіміне арналған ең ірі өндіруші бола отырып әлемдік нарықты белсенді түрде жаулай бастады. Дәл осы уақыттарда компания арнайы сұлулық салондарына арналған бөлек тауарлар шығара бастады.

Тіпті Екінші Дүниежүзілік соғыстың өзі Schwarzkopf-ты тоқтата алмады. Соғыс аяқталғаннан кейін компания экспроприация (бұрынғы әлеуетінен айырылу) және өнімдерді пайдалануға салынған тиымнан кейін әлемнің 27 еліндегі 200-ден аса сауда белгісін жоғалтты. Алайда осы жылдары бренд қызметкерлері жаңа өнімдерді, көбінесе шашты химиялық бұйралауға арналған құралдарды шығарумен айналысты.

Бұл да дер кезінде жасалған қадам болды. Сол жылдары шаш бұйралау сәнге кірді де, әлемнің барлық қыздары шаштарына зиян келтірместен түрлі шаш үлгілерін жасаудың амалдарын іздестіре бастаған еді. 1947-жылы шығарылған Onaltherma құралы шашты бұрынғыдай 100 градусқа қыздырмай-ақ, шашты қалағандарынша бұйралауға мүмкіндік берді.

Салқын химиялық бұйралауға арналған өнім қораптары дүкен сөрелерінде сіресіп тұрды. Сонымен қатар шаштың түсін үй жағдайында өзгертуге мүмкіндік берген Poly Color шашқа арналған бояуы да пайда болды. Бұл құралдар тұтынушылардың ғана емес, көптеген косметика көрмелерінде мамандардың да көңілінен шықты. Осының бәрі брендтің шашқа арналған құралдардың беделді, еуропалық жаңашыл-өндіруші деген атағын толықтай айқындап берді.

Ал бәсекелестер болса сергелдеңге түсті, олар Schwarzkopf-тың соңынан ілесуге үлгере алмай қалған еді. Косметика нарығын енді ешнәрсемен таңқалдыру мүмкін еместей көрінген кезде, неміс бренді кезекті ноу-хауын ұсынды. 1949-жылы компания әлемдегі ең алғашқы сықпадағы Shauma крем-сусабынын шығарды.

Бұл құрал тарихтағы ең әйгілі сусабындардың бірі және Батыс Германиядағы ең көп сатылымға ие болған сусабын болды. Жаңа өнімнің маңыздылығы жайлы Германияда және неміс тілді елдерде shauma сөзі «сусабын» сөзінің синонимі болды деп, ол лексиконға дендеп еніп кетті.

Алайда елдегі экономикалық және саяси қайшылықтар компанияға әсер етпей қалмады. Сондықтан 1950-жылы брендтің штаб-пәтері Берлиннен Гамбургке ауысты. 1963-жылы компанияда Германияның 2800-ге жуық қызметкері жұмыс істеді.

20-ғасырдың ортасында жаңа сән келді. Рок-н-ролл дәуірі жарқыраған жарқын бейнелерді талап етті. Бұл тек киімге ғана емес, шашқа да қатысты еді. Бұл бағыттағы алғашқы тауар әйнек бөтелкелерде шығарылған Gliss спрей-тонигі болды. Бүріккіштің көмегімен шаш үлгісін жылтыратуға болатын еді. Бұл тек бәрінің басы ғана болды.

Schwarzkopf-тың келесі революциялық өнімі Taft — лак немесе шашқа арналған сұйық тор деп аталған құралы болды.

Шаштараз салондарында жаңа өнім 1955-жылы пайда бола бастады. Ал бір жылдан кейін ол барлық дүкендерден табылды. Аңызға сүйенсек, лак өзінің мұндай атауын сепкен кезде шығаратын «tffft» дыбысына бола алған. Сол сәттен бастан неміс тілінде тағы бір жаңа — шаш үлгісін лактың көмегімен қатыру деген мағынаны білдіретін taften сөзі пайда болды.

Он шақты жылдан кейін Schwarzkopf әлемдегі ең алғашқы фреонсыз аэрозол өндірушісі болды. Жаңа өнім қоршаған ортаны қорғауға бағытталған еді.

Бренд үнемі заман ағымынан қалмауға тырысты. Сондықтан 1960-жылдары хиппи бағыты әйгілі бола бастағанда, компания тез арада шашқа арналған Igora Royal кәсіби бояуын шығарды. Оның көмегімен шаштың түсін тез арада, еш қауіпсіз өзгертуге болатын еді. Қазір сауда белгісінің каталогында кез-келген талғамға сәйкес 120-дан астам рең бар.

Бірақ бірнеше жылдан кейін шығарылған Igora Toning құралы көбірек әйгілі болды. Ол жастардың үй жағдайында шаштарының түсін өзгертіп, тәжріибе жасауына мүмкіндік берді. Шаш үлгісінің реңін өзгертетін көпіршік Еуропадағы осындай алғашқы құрал еді. Сондай-ақ, дүкен сөрелерінде рең беретін Palette сусабындары пайда болды.

Бренд шаш бояу саласындағы көшбасшылардың бірі болды. 1975-жылы Schwarzkopf-тың сатылымы 468 миллион неміс маркасын  (€227 млн-ға жуық) құрады.

Олардың тағы бір жаңашылдығы — өнімдерді түрлері бойынша бөлу болды. Компания мамандары бір сусабынның шаштың әртүріне әрқалай әсер ететінін алғаш болып анықтады. Дәл осы Schwarzkopf компаниясы адамдардың шашын құрғақ, қалыпты және майлы шаш деп бөлді. Және әр түрге арналған құралдар шығара бастады.

Schwarzkopf-тың жаңа бығыты

Компания үйрету орталықтарын дамыта отырып, ағарту істерін де ұмытпады. 1972-жылы бренд шаштараздарға арналған әр клиентке кешенді және жеке жағдай жасауды біріктірген «Schwarzkopf әдісін» ұсынды. Шеберлерге салондарда кәсіби құралдарды пайдаланбас бұрын үй жағдайында шаш күтіміне арналған құралдарды таңдауды үйретті.

Батысты жаулаған Schwarzkopf бренді енді Шығысқа жылжып, Кеңес Одағының нарығын меңгеруге кірісті. 1970-жылдардың басында өнім алғаш рет Чехословакияда пайда болды. Алайда бұл нарықта тамыр жаю үшін бірнеше жыл керек болды. Тек 1978-жылы ғана Кеңес Одағының «Свобода», «ЛатБытХим» кәсіпорындары және Краснодардағы зауыт Schwarzkopf өнімдерін шығара бастады. 1980-жылдардың соңында бренд сатылымы 622 миллион неміс маркасына (€301 млн) жуықтады.

1995-жылы брендтің 77%-на иелік еткен Hoechst концерні өз үлесін алпауыт Henkel-ге сатты. Келісім соммасы құпия түрде қалды. Ал компанияның 23%-ына Ганс Шварцкопфтың мұрагерлері иелік етті. Сол сәтте брендтің сатылымы 1,1 миллион неміс маркасына (€533 млн) жуық болған еді.

Жаңа басшылықпен Schwarzkopf жаңашыл өнімдерін шығаруды жалғастырды. 21-ғасырдың басында кәсіби стилистер үшін шаш үлгілерін жасауға арналған Osis бағыты қолға алынды. Ал 2004-жылы еуропа нарығында жаңа Got2b сауда белгісі пайда болды.

Бұл бағыт көше сәнінің әсерімен АҚШ-та пайда болды. Schwarzkopf үшін бұл жастарды тарту арқылы ауқымын кеңейтудің жақсы мүмкіндігі еді.

Бренд жарнама жасауда жұлдыздармен, ең әуелі неміс жұлдыздарымен тығыз байланыста болады. 2006-жылы Taft лагінің бейнесі болған Хайди Клумды және шаш бояуларын жарнамалап қана қоймай, брендпен бірге шаш күтіміне арналған өз өнімінің желісін құрған Клаудио Шифферді айтудың өзі жеткілікті.  

2018-жылы 120-жылдық мерейтойын тойлаған компания Taft брендінің жаңа бейнесін таныстырды. Ол неміс топ-моделі Тони Гарнн болды.

Қазірде Schwarzkopf өнімдері әлемнің 50 елінде бар. Бренд өнімдерін екі бағытқа бөлуге болады: массмаркет (көпшілікке арналған) және шаштараз салондарына арналған кәсіби құралдар.

“European Trusted Brands” зерттеуіне сәйкес, Schwarzkopf-ты Reader’s Digest журналының (жыл сайын тұтынушылар сенімін ақтайтын брендтерді таңдайды) оқырмандары 11 рет «ең сенімді» деп атаған. Неміс халқы Schwarzkopf-тың Shauma сусабынын бұрынғыдай сенімді түрде кеңінен қолданып келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Амал

Қызықты мақала

Алдияр

Schwarzkopf компанияның тарихы Қазақстан Республикасынанда ұзақ екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз