Өлең, жыр, ақындар

Ардагерлерге тағзым

Барша халық болып қуанып, ер есімі ұлықталар Жеңіс күнінің орны қашан да айрықша. Асау уақыт тізгінімен Ұлы Отан соғысының көзкөрген ардагерлерінің қатары жылдан-жылға азайып барады. Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен ерлердің батырлығын өскелең ұрпаққа үлгі ету əрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында «Ер есімі ел есінде» атты концерт өтті.
    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған кеш тарихи қойылымнан басталды. ҚР еңбек сіңірген қайратері, профессор Толқын Забированың жетекшілігімен академияның талантты студенттері өнер көрсетті. Концертте əнмен қатар, қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, крермен көзіне еріксіз жас алды.
Концертмейстер Семён Баевтың сүйемелдеуімен өнерпаздар соғыс жылдарындағы ескірмес əндерді орындап, хореография бөлімінің бишілері кештің сəнін келтірді.
Толқын Забирова, əнші: – Концертті Кино жəне телевидение, Хореография факультетінің өнерлі жастарымен ардагерлерге тағзым етіп, алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырдық. Сұрапыл соғыс жылдары, ерлердің жанкешті еңбегі ешкімнің жадынан ұмытылмауы тиіс. Бұл – біздің тарихымыз. Кешегіні ұмытумен болашақ болмайды деп ойлаймын. Жеңіс күні – баршамызға ортақ күн. Бейбіт күнде өмір сүріп отырғанымыз үшін ардагерлерге бас иеміз.  Соғыстан қайтқан солдаттар азайса да, олардың батырлығы ұмытылмайды. Ұлы жеңіс құтты болсын! Тек қана осындай бейбіт заманда өмір сүрейік!     

    Ұлы Отан соғысы батырларын еске алу мақсатында өткен концерт барша қауымға ерекше əсер сыйлады. Кеш соңында ардагергерлерге гүл шоқтары табыс етіліп, көпшілік естелік суреттерге түсті.
   СУРЕТ-ДЕРЕК

Арай ЖҰМАТАЙ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз