Өлең, жыр, ақындар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауының басты идеясы – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, рухани жаңғырудың жаңа белесіне көтерілу

Қостанай облысы Қарасу ауданы «Ключевой орта мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мейрамкуль Карбузова

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, елбасымыздың көреген саясатының, ұстанған стратегиялық бағыты жолында үлкен белестерге көтерілдік. Қасиетті егемендіктің, еркіндіктің арқасында талай істер атқарылып, жетістіктерге куә болдық, мақтаныш еттік, мерейіміз артты, ата-бабаларымыз сан ғасырлар қол жеткізе алмаған армандарымызға қол жеткіздік. Осының бәріне халқымыздың әл-ауқаты елбасымыздың тікелей басшылығымен мемлекет қызметкерлері, жалпы елін, жерін көркейтуге атсалысқан әр сала мамандарының атқарған ерең еңбегінің аясында дамып, орасан жетістіктерге жеттік. Әлемдік аренада Қазақсатан өз орнын ойып алды, өзін жан-жақты, сенімді, жауапты ел ретінде танылып, күні бүгінге дейін қарқынды даму үстінде. Еліміз елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиясы жоспарын он бес жылдың ішінде жүзеге асырып, жаһандағы 50 дамыған алпауыт елдердің қатарына қосылды. Елдің жарқын болашағын жасаушы, «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасқан «Қазақстан-2050» стратегиясы жол көрсетіп келеді. Елбасымыз өз жолдауында әлемдегі сан түрлі болып жатқан өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен жаңа әлемдегі көшбасшы отыз елдің қатарына енуді мақсат етіп отыр. Осы бағытта елдің дамуына 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуын көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі жетінші бағытында білім берудің барлық саласында нақты жүзеге асырылатын міндеттер айқын көрсетілген. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда жүзеге асырылады. Айтарлық орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында үздік оқытушыларының бейне¬сабақтары мен бейнелек¬цияларын Интернетке орналастыру керек екенін атап өтті. Оқушылардың заманауи білім алуы үшін компьютерлер, лабораториялар және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылатын болмақ. Бұл - еліміздің барлық жеріндегі ұстаздарына тәжірибе алмасуда, озық білімге қол жеткізуге үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабыдықтау жұмыстарын жалғастыру жайында айтқаны шалғайдағы ұстаздар үшін қуантарлық жайт. Елбасымыз сондай-ақ тіл мәселесі бойынша тұғырлы үш тіл қазақстандықтардың болашығы үшін маңызды екенін тиек етіп, ана тіліміз - қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатып, қазіргі заманға лайық дамытып қолдануымыз керек екенін айтты. Бұл өсіп келе жатқан ұрпағымыздың басқа да тілдерді еркін меңгеруіне оңай болмақ. Өзінің тарихын,тілін, мәдениетін білетін, қазіргі заманға сай, әлем көшіне ілесе алатын шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық азамат қоғамымыздың идеалына айналуы керек. «Рухани жаңғырудың» басты мақсаты да осы болмақ деп елбасымыз айқындап айтып кетті. Сонымен қатар мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша көшкен ұстаздарға лауазымдық жалақысын 30 пайызға қосуды тапсырды. Әсі¬ре¬се, мұғалімдердің жа¬ла-қысы бі¬ліктілігінің расталу¬ына байла¬нысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ерекше ықыласпен қа¬был¬дады. Осы орай биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлінбекші. Жалпы болашақта ұстаздар мәртебесі артып, білім саласындағы оң өзгерістер еліміздің дамуына үлесін тигізетіні анық. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын жақсартатын бірден-бір жол. Сондықтан еліміздің әр азаматы жолдауды дұрыс қабылдап, оның жаңғыруына тек атсалыспақ. Қорыта келе, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін әлемдік заманауи талаптарға сай болумен қатар, жаһандану дәуірінде артта қалмай, ұлт ретінде сақталып қалу үшін, «Мәңгілік ел» идеясымен бірге елбасымыздың жолдауындағы «Төртінші өнеркәсіптік рефолюция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауындағы тұрған біртұтас ұлт болудың» барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, әлем елдерінің озық тәжірибесін сараптап, елімізге тиімді тәсілдерін қолдануға бар күшімізді, ақыл-парасатымызды салуымыз керек. Жетістікке жетудің жолы айқын, тек жұрт болып, ел болып жұмыла әрекет ету, атсалысу. «Ғылым-білім-инновация» дәуірінде елбасымыздың жолдауындағы жаппай цифрлық дәуірге көшу – бұл қазақстандықтардың жарқын болашағының нышанына айналмақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз