Алматыда білімі сапасыз оқу орындарына 300 мың теңгеден аса айыппұл салынды

Бүгін Алматыда Білім саласындағы бақылау департаменті  Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Департамент басшысы Гүлнар Ермекбаеваның айтуынша, Департамент құзырына білім мекемелерінің білім беру қызметі сапасын тексеру кіреді. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру жеке тұлғалардың шағымына қатысты жүреді.

"Былтыр жоспардан тыс тексеру барысында 11 әкімшілік іс қозғалды. Осы әкімшілік істер бойынша 306 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.  Тексеру нәтижесінде Орталық Азиялық Университет жанындағы Әлеуметтік-гуманитарлық колледждің лицензиясы 2 айға тоқтатылды. Бұл колледжде ағылшын тілі дұрыс оқытылмаған. Яғни мұғалімнің біліктілігі сай емес. Бұл жерде физика мұғалімі информатика пәнінен  берсе,  бұл біліктілік сәйкессіздігіне жатады", - деді  Гүлнар Ермекбаева.

Оның айтуынша, Департамент жұмыстарының басым бағыттары -білім беру қызмет сапасын арттыру, лицензиялау мәселелері, мектептің білім беру саясатын бақылау,  лицензиялау,  апостильдеу,   мемлекеттік аттестаттауды жүргізу.

Оның ішінде жеке тұлғалар көбіне қорытынды бағаларды кеміту,  материалдық-техникалық базаның жұтаңдығы,  оқытушылық базаның әлсіздігі бойынша арызданады.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)