Өлең, жыр, ақындар

Ерік күшін дамыту мен нығайту жолдары

Ғалымдардың айтуынша, өмірде белгілі бір табысқа арбайтын нәрселер мен рахаттану сезімімен күресіп, оларға қарсыласу тәжірибесімен емес, сол саладағы алған білімдерге сүйену арқылы қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, біздің игі қасиеттерді қалыптастыруымызға рухтың күштілігі емес, арбайтын нәрселерден аулақ болу үшін қазіргі бар жағдайлар мен айналаны өзгерту қабілеті көмектеседі.

Ерік-жігер сияқты қасиетті дамытуға не көмектеседі? Ерік-жігердің анықтамасының өзі шындыққа жанаспайтынына қарамастан, біз өзімізді бақылап, азғырулар мен ләззаттың жетегінде кетпеуге жол аша аламыз. Адамға аса қажет осы қасиетті дамыту үшін бірқатар шараларды ұсынамыз.

Қоршаған заттарға назар аударыңыз

Еш нәрсеге көңіліңіз бөлініп кетпейтін болса, ерік-жігеріңіз жақсырақ байқалады. Дұрыс тамақтануға ұмтылған кезде, кәмпит, тәттілер, пицца және бургерлерді сатып алмаңыз. Шылым шегуді қойғысы келетіндер көз алдында және қолжетімді жерде темекі, күлсалғыш және осы теріс әдетті еске салатын кез келген нәрселердің болмауына ұмтылуы керек.

Қоршаған ортамыздың бізге тікелей әсері бар

Достарыңыздан тек өмір салты сіздің ұстанатын немесе ұстанғыңыз келетін өмір салтыңызға сәйкес немесе ең болмаса қайшы келмейтін достарды ғана қалдырыңыз. Осылайша шектеулі диетаны ұстанатын адамдарға әр демалыста өздерін пиццерияға шақыратындармен араласудың керегі жоқ. Достарыңызды өзгертіңіз, фастфудты қолдамай, сізбен дұрыс тамақтану қағидаларын бөлісе алатын дос тауып алыңыз. Ондай адамдардың арасында ерік-жігерді нығайтып, көздеген нәтижелерге қол жеткізу оңайырақ.

Жақындарыңыз бен достарыңызға жоспарларыңыз туралы айтып беріңіз

Мұның алдыңғы тармақтағы бөлімдегі кеңестерге қатысы бар. Жақындарыңыз сізге қолдау білдіргенде, жаман әдеттерді тастап, дұрыс тамақтануды, спортзалға баруды бастау әлдеқайда жеңіл болады.

Барлық қадамдарды бірте-бірте жасаңыз және ерік-жігерді дереу күш салмай нығайтыңыз

Нәтижеге бірден қол жеткізу мүмкін емес. Кейбір айтарлықтай табыстарға жету үшін уақыт керек. Мәселен, десертке тәттінің орнына жеміс жеуді үйреніңіз, ал таңертеңгілік жүгіру ұзақтығын 15 минуттан бастаңыз. Осы әрекеттерді орындауға бейімделген кезіңізде, келесі мақсаттарды қойыңыз.

Сізге теріс әсер етіп, ескі әдетіңізге қайта басуыңызға себеп болатын нәрсені анықтаңыз

Немен айналысқаныңызды және ерік-жігеріңіз әлсіреген кезде не сезінгеніңізді қағазға жазып отыруға тырысыңыз. Бұл болашақта осындай қателіктерді болдырмау үшін, теріс әдеттерге оралуыңызға себеп болатын әлсіздіктеріңізді анықтауға көмектеседі. Мінезіңіздің қайсарлығын қазір көрсету арқылы, болашақ салауатты әдеттеріңіз бен мықты ерік-жігеріңіздің негізін қалыптастырасыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Əлидің анасы

Ватсап арқылы бөліскеннен кейін "артқа қайту" кнопкасы арқылы қайтадан сайтқа кіру жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды. Раздражает. Админ бұл минусты түзейсіздер деп үміттенемін. Біз бөліскен сайын оқырман саны көбейеді емес пе????

Модератор

Əлидің анасы, пікіріңізге үлкен рахмет! Кемшілікті жоюға тырысамыз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз