Өзін-өзі кемелдендіру психологиясы

Адам өз ойлары мен әрекеттерінде оң өзгерістерді қалыптастыруды, жеке және кәсіби тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістерді бақылауды үйрене алады. Бір нәрсені дұрыс істеу үшін осы мақсаттарға қол жеткізудің тәсілдері мен құралдарын дұрыс таңдау қажет. Адамның өзін-өзі жақсартуына тек өзі ғана көмектесе алады.

Өзін-өзі жетілдіру келесі қадамдарды қамтиды:

1. Өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу.

2. Өзіңіздің дәл қазіргі болмысыңызды қабылдау.

3. Өз ойыңыз бен мінез-құлқыңыздың өзіңізге және басқаларға қалай әсер ететінін түсіну.

4. Өзіңізді жетілдіру және мінез-құлқыңызды өзгерту үшін әрекеттер жоспарын жасауға бел буу.

Алдымен, өзін-өзі жетілдіруге қажетті күш-жігерді қайда бағыттау керектігін анықтау керек.
Не ойлайтыныңыз бен қалай әрекет ететініңіз өзара байланысты болуға тиіс.
Ойларыңыз Сіздің қандай адам екеніңізді сипаттап, Өз өміріңізді қалыптастырады. Ал өз мінез-құлқыңызды түсінбес бұрын, оны тудыратын сезімдер мен ойларды зерттеу керек.

Өзін-өзі жетілдірудің көптеген әдістері психологиядан туындайды. Сондықтан, өзін-өзі жетілдіру үшін психологияны түсінудің мәні бар. Шындығында, өзін-өзі жетілдіруді үйрететін көптеген тәлімгерлердің психологиядан қандай да бір хабары бар және олардың ықпалымен адамдар өз өміріндегі оң өзгерістерді көре алады.

Өзін-өзі жетілдірудің келесі әдістерін адамдардың өмірін жақсарту үшін терапевтер, кеңесшілер, өзін-өзі жетілдіру тәлімгерлері қолданып келген.

1. Когнитивті. Бұл әдіс адамның өзі айтып тұрған нәрсесін қайтадан ой елегінен өткізуді үйренуге мүмкіндік береді. Осы әдісті қолданып, адам айналасындағы дүние жайлы түсінігін өзгертіп, сол арқылы өзі пайдаланбай келген көптеген мүмкіндіктерге ие болады.

2. Қорғаныс механизмі. Бұл əдіс əр адамда бар. Бұл механизм – біздің өмірімізде болатын барлық күйзелістер мен қысымдармен күресу әдісіміз. Ол біздің сәтсіздіктерден ұдайы арылып отыруымызға көмектеседі. Алайда, бұл механизм дұрыс пайдаланылмаса, адамға көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі ол, түптің түбінде, шындықты бұрмалап көрсетеді. Сондықтан, адамның түрлі қорғаныс механизмдерін қалай қолдану керектігін білгендіктен, ол оны өз мүддесі үшін пайдалануы мүмкін.

3. Таңдамалы қабылдау. Ол сананың қоршаған ортадан тек адамға пайдалы түрткілерді ғана қабылдауына кепілдік береді. Адамның қоршаған ортасы түрлі түрткілерге толы және бұл адамды мақсатқа жету жолынан оңай тайдыруы мүмкін. Демек, таңдамалы қабылдау адамға өз мақсаттарына жетуге көмектесетін түрткілерге ғана көңіл аударып, ден қоюды үйретеді.

4. Өзіндік тиімділік теориясы. Бұл теорияны Альберт Бандура (канадалық психолог) шығарған. Осы теорияға сәйкес, адамда өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейі болса, оның қабілеттері мен таланттары қандай болғанына қарамастан, нақты бір мақсатта табысқа жетуге әлдеқайда жоғары мүмкіндігі бар. Жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін адам өзіне сенуге, сондай-ақ өзін жоғары бағалауға тиіс.

5. Өзін-өзі сынау — бұл адамдардың өзін-өзі жетілдіру үшін қолдануға тиіс психологияның тағы бір құралы. Әлсіз және күшті жақтарына қатысты өзіне адал бола отырып, адам қалағанына қол жеткізу үшін тек күшті жақтарына ғана назар аударуы керек. Егер адам өзінің әлсіз жақтарына ғана көңіл аударатын болса, бұл өмірлік мақсаттарға жету жолында кедергілер тудырады. Адам әлсіздіктерін азайтудың жолдарын іздеп, сонымен бірге, күшті жақтарының әбден жетілуін қамтамасыз етуі керек.

Өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс жеке және кәсіби өмірде зор қуанышқа жетуге, қызметте өрлеуге қажетті мүмкіндіктерді арттыруға, отбасымен, достармен және әріптестермен қарым-қатынасты жақсартуға, жұмыс өнімділігін арттырып, еңбек өнімінің сапасын жақсартуға, күйзелістен туындайтын сырқаттарды мейлінше азайтуға, өзін-өзі жақсырақ бағалауға және басқа да көптеген нәрселерге себеп болуы мүмкін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Айгерім

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)