Өлең, жыр, ақындар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» біздің мектепте...

Биыл сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Жалпы рухани жаңғыру біз үшін өзіміздің ұмыт қалған дәстүрімізге қайта оралып,төл арнамызға – қазақтың ұлттық даму жолына түсу деп түсінемін. Рухани жаңғыру кезінде біз ең бірінші елін,жерін,жұртын шын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу үшін, ең алдымен тарихи санамыз жаңғыруы тиіс. Осындай мақсатта  біздің мектепте көптеген іс-шаралар  өткізіліп жатыр. Кейбіреуіне тоқталатын болсақ, 5-9 сыныптар арасында «Рухани жаңғыру – білім әлемінде» тақырыбы аясында шығарма байқауы өткізілді. Оқушылардың әрбір шығармаларында ұлтын,жерін сүйген жүрек лүпілі сезіледі. Осы шығарма байқауы оқушыларға тәрбиелік маңызы зор болды деп үлкен сеніммен айта аламын.  Қазанның 24 күні сағат 15-00 де 6-10 сыныптар арасында «Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында жайдарман мерекелік кеші өтті. Бұл жайдарманның басты мақсаты оқушыларды Елбасының еңбектерімен  кең ауқымды танысуға  мүмкіндіктер туғызу. Оқушылар осы тақырып аясында әзіл-қалжыңға толы жаңалықтарын, тәрбиелік маңызы зор көріністерін қойып шықты. (1,2 – сурет).  Бұл жайдарманда  жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тақырыпқа сай көріністерін көрсеткен 7 сынып оқушылары болды. Елбасының бағдарламалық мақаласындағы әрбір басымдықты өмірмен сабақтастырған бұл мерекелік кешке қатысқан әрбір оқушының  аталмыш іс-шарадан алары көп болды Сонымен қатар, осы бағдарламалық мақала бойынша көптеген дәрістер оқылып, дөңгелек үстел жүргізілді.

Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында білімнің салтанат құруы деп, қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепте стенд және мектептің сыртына банер ілінді.

Лесхан Арайлым, педагог ұйымдастырушы
«Б.Сыттанов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз