Қытайда гипердыбыстық жолаушылар ұшағының концепті жасалды

Қытайдың ғылым академиясының инженерлері Бейжің мен Нью-Йорк арасын екі сағат уақытта ұшып өтуге мүмкіндік беретін гипер дыбысты жолаушылар ұшағының инновациялық идеясын ұсынды. Жаңа ұшақтың тұжырымдамасы Қытайдың басқа да гипер дыбысты қанатты ракета жасауға қатысты көптеген жобалары сияқты, әскери бағдарламаның қосалқы өнімі болып табылады, деп жазады South China Morning Post.

Жоба басшысы Цуй Каяның сөзіне қарағанда, ұшақ жылдамдығы 6 мың км/с, ол дыбыс жылдамдығынан бес есеге жоғары (1235 км/с). Бұл жоба атақты жоғары жылдамдықты «Конкордтан» бірнеше есе көп. Теориялық тұрғыдан мұндай гипер дыбысты лайнер Бейжіңнен Нью-Йоркке екі сағаттың ішінде жетуге мүмкіндік береді және бұл қазіргі әуе кемесінен жеті есе жылдам ұшады.

Цуй және оның командасы аэродинамикалық құбырда ұшақтың кішірейтілген моделін сынақтан өткізген болатын. Айта кетейік,  мұндай сынақ Қытайдың гипердыбыстық қаруының аэродинамикалық жаңа үлгілерін бағалау үшін пайдаланылған еді. Зерттеушілер модельді 8,6 мың км/с ұшырып оның таңқаларлық нәтижелеріне көзжеткізді.

Қанатты ұшақтың конструкциясы жалпы бипланға немесе  ұшақ таститын құралға ұқсайды, мұндай құралды NASA «шаттлдарды» ұшырған кезде қолданған болатын. Өз кезегінде Қытай зерттеушілері  биплан конструкциясы барынша пайдалы ауыр заттарды көтере алатындығын алға тартады. Өйткені гипер дыбыстық көлік құралы сүйір және ұшбұрыш қанатты  пішінде жасалған.

Шектен тыс жоғары жылдамдық іске қосылған кезде ұшақтың екі қанаты да бірге жұмыс істейді, яғни бұл ұшақтың жалпы жүк көтергештігін ұлғайта отырып, турбуленттілікті және қайшылықты процестерді төмендетеді. Бірақ оның салмақ көтеру мүмкіндігі төмен. Мәселен, Boeing 737 жолушылар ұшағымен салыстырғанда  гипер дыбысты Қытай кемесі 5 тонна жүкті немесе 50 жолаушыны (Boeing — 20 тонна жүк және 200 жолаушы) тасымалдай алады.

Қытай соңғы жылдары Гоби шөлінде түрлі гипер дыбысты көлік құралдарын сынақтан өткізді, олардың кейбірінің дыбыс жылдамдығы он есеге дейін жетеді. Сондай-ақ, Қытай инженерлері секундына 12 километр жылдамдықпен (немесе 43 200 км / с) гипер дыбыспен ұшатын имитациянға арналған әлемдегі  жылдам аэродинамикалық құбыр салып жатыр. Мұндай жылдамдықтағы қытайдың гипер дыбысты көлік құралымен АҚШ-тың батыс аймақтарына небәрі 14  минутта жетуге мүмкіндік болады. Егер бұл технология әскери мақсаттарда пайдаланылған жағдайларда оқтұмсық ядролық қанатты жойғыш құрал кез келген ракетаға қарсы қорғанысты бұзып өтетіні сөзсіз.

Жалпы айтқанда, жоғары жылдамдықты дыбысты азаматтық заманауи ұшақ жасау идеялары мен мүмкіндіктері күн санап артып келе жатыр. Бұл бағыттағы жобаларға да қатысушылар саны көбеюде. Мысал ретінде алсақ, Lockheed Martin және Aerion компаниялары жоғары жылдамдықты бизнес-джеттер секторын игеруге шешім қабылдап отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

Қалихан

Қытайың мықты)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)