Өлең, жыр, ақындар

Машина жасау кешенінің көліктік факторлары

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Өтенбай Сатыпалды Аманжолұлы
Жетекшісі: Ибраемов Аманолла Мейрамханович

Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Маманда­ну мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Оның барлық зауыттар үшін, әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болып табылатындары үшін (мысалы, ав-томобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте – алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді.

Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металлы тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды ол­арды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мұндай фактор – тұтытыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдыктарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургияльқ құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы (Акмола облысындағы Макинск) дамыған аудандарда орналастырылады.

Көптеген машиналар түрлерін шығару үніін өнім бірлігіне көп еңбек мөлшері қажет болады. Бұлар – еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, конденсатор мен аспап шығаратын зауыттар да әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында металлургтер қаласы – Өскеменде орналастырған.

Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радио­электроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті көп қажет етуімен және күрделі технологиясымен ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттермен бірігіп жұмыс істеу кажет. Бұл салалар әрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар кұрастыру, компьютерлер мен басқа да күрделі техникалар шығаруға арналған технопарк жасалып жатқан Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.

Металды көп кажет ететін өнімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады.

Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматыға (30%), Павлодар (12%) және Ақмола (11%) облыстарында шоғырланған.

 

 Пайдаланған әдебиеттер:

- Машина_жасау_кешені 2-басылымы, - Алматы: Атамұра, 2009. 

- https://baribar.kz/student/7348/mashina-zhasau-keshenininh-mamandanulary-men-koeliktik-faktorlary/


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз