ozgetil.kz

Нәтижелі көшбасшы болу үшін өзіңізді әрдайым жетілдіріп отырыңыз

Әр күніңізді жаңа нәрсе үйренуге мүмкіндік деп біліңіз.

Сандип Кашьяп

Жеке кәсіпкер, қамсыздандыру бағдарламасымен айналысатын ProofHub компаниясының басшысы

 

Мансап жолында Сандип Кашьяп (Sandeep Kashyap) көптеген мамандық ауыстырды. Ол дизайнер, бағдарламашы, маркетолог,  тіпті істен шыққан  желдеткіштерді жөндеуші болды. Қазіргі таңда ProofHub компаниясын басқарады. Оның сөзіне қарағанда, өміріндегі  жалғыз тұрақты шама – өзгеріс еді. Сандип жақсы басшының неліктен өзін жетілдіріп отыруы маңызды екенін атап өтті.

Әлемге басқаша қарауды үйретеді

Өмірде бәрі өзгеріп тұрады. Егер осыны жете түсініп, өзіңді өзгертсең, өмірге деген көзқарасың да басқаша болады. Ынтаңыз артып, үлкен белестерді бағындыруға жетелейді. Кез келген көшбасшы, тіпті қарапайым адам да осыған ұмтылатыны анық. Өміріңізді шаң баспасын десеңіз, өзгеріңіз!

Оңтайлы бағыт береді

Егер өмірге тек бір жақ қырынан қарайтындардан болсаңыз, шарасыз түрде, тек теріс ойда қалатыныңыз анық. Ашық болыңыз. Жұмысыңыз жоспарға сай жүрмесе де әр күннен жаңа мүмкіндік пен үміт отын іздеңіз. Бұл алға жылжуға, командаңызды ынталандыруға күш пен құлшыныс береді.

Шектеу шеңберінен шығуға шабыттандырады

Шектеудің бәрін өзімізге өзіміз қоямыз. Күнделікті қайталанатын бірсарынды жұмыспен керемет нәтижеге қол жеткізе алмайсыз. Шеңберден шығыңыз, өзгеріңіз, кемелденіңіз, сонда жаңа мүмкіндіктер мен күш-қуатыңыз пайда болады.

Сіз тек тұлға ретінде ғана емес, тобыңызды да өркендеп, өсуіне  шабыттандырасыз. Бұл көшбасшыны үздік етеді.

Зерігуге жол бермейді

Сіз қай салада жұмыс істесеңіз де, ісіңізді қаншалықты сүйіп тұрсаңыз да, уақыт өте бірсарынды жұмыс зеріктіреді. Зерігу - бірсарынды ойлаудан туады.

Өзіңізді қамшылап, жаңғыртып отырыңыз. Сонда жаңа ойлар келеді.

Өсуге көмектеседі

Жақсы көшбасшы өсуді болжай алумен және осы өсу кезінде командасын сақтап қалуымен анықталады. Мұндай көшбасшы болу үшін жаңалық енгізуге дағдыланып, күнделікті биікке қарай қол сермеу керек. Әйтпесе, орташа деңгейдегі басшы болып, мықтылар қатарынан қалыс қаласыз. Егер расымен өзгеріс енгізе алатын үздік басшы болғыңыз келсе, күнделікті дамып, өсіп отырыңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)