Өлең, жыр, ақындар

Рубидий және цезийдің оттекті қышқылдарының тұздары

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Орындаған: Тұ-43 топ студенті Ақжол Маржан Бақтиярқызы
Жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

Рубидий және цезийдің оттекті қышқыл тұздарын алу үшін ең оңай жолы - әр түрлі әдіспен алынатын рубидий мен цезий карбонаттарынан алу. Оттекті қышқылдардың тұздары екі метадмен түзіледі, түссіз және суда көп мөлшерде жақсы ериді, әсіресе көп ерігіштермен карбонаттар сипатталады. Сs2С03 ерігіштігі 15°С-да - 2100 г/л, ал Rb2С03 20°С-да - 4500 г/л. Ауада рубидий және цезий карбонаттары балқиды. Суда аз еритіні перхлорат, перманганат және рубидий мен цезийдің перренаттары,

Рубидий және цезийдің нитраттары мен сульфаттары сусыз кристал- данады, бірақ азот қышқылының артық мөлшерінде нитраттар МеN3 НN03 немесе МеN03 2НN03 түрдегі қосылыс береді, ал сульфаттар басқа сілтілік металдармен және аммоний иондарымен қос тұздар береді. Қос тұздардың соңғы түрлері В.И.Спицын мен А.М.Мееровпен толық зерттелді.

Рубидий және цезий басқа сілтілік металдарға өте ұқсас, қышқыл сульфат және пиросульфат түзеді. Сульфаттарды сутек ағынында немесе аммиакта қыздырса рубидий немесе цезий сульфиді түзеді.

Бірақ рубидий мен цезийдің литийден айырмашылығы үшвалентті металл сульфаттарымен ашудас түзеді, ең көп кездесетіні алюмоцезийлі және алюморубвдийлі ашудастар, ерігіштіктері суда алюмокалийлі ашудасқа қарағанда аз:

 

Қосылыс

Ерігіштігі, г/моль

0 0 С, моль/л

КА1 (SO4)2 12H2 O

29,6

0,117

RbA1 (SO4)2 12 H2 O

7,2

0,024

Cs A1 (SO4)2 O

2,1

0,006

 

Рубидийлі және цезийлі ашудастардың аз ерігіштігі оларды калийлі ерітінділерден боліп алуға қолданды. 1 суретте алюморубидийлі және алюмоцезийлі ашудастардың ерігіштік қисығы келтірілді, ал салыстырмалы ретінде алюмоашудастың ерігіштік қисықтары келтірілді.

Рубидий және цезий басқа да үшвалентті элементтермен ашудастар түзеді, олар суда аз ериді.

 

Қосылыстар

Судағы ерігіштігі 25 0 С моль/л

Темір рубидийлі

0,58

Ванадий рубидийлі

0,177

Индийцезийлі

0,172

Темірцезийлі

0,045

Галийцезийлі

0,038

Ванадийцезийлі

0,02

Хромцезийлі

0,016

Алюмоцезийлі

0,012 (200 С-да)

 

0,017 (30 0С-да)

Алюморубидийлі

0,0503(200-да)

 

0,0725 (300С-да)

 

«Шенит» деген жалпы атау бойынша рубидий және цезийдің сульфаттарының тұздары екі валентті металл сульфаттарымен бірге белгілі. Бұл тұздар алты молекула сумен кристалданады. Бұл тұздарға мысал ретінде Rb2SO4 MgSO4 6H2O, Rb2SO4 NiSO4 6H2О, Сs2SO4 COSO4 6H2O, Cs2SO4CuSO4 6H2O т.б. келтіруге болады. Шониттердің ерігіштігі ашудастардың ерігіштігіне қарағанда жоғары, бірақ рубидий мен цезийдің жай сульфаттарының ерігіштігінен аз.

Әсіресе цезий сульфатының ерігіштігі жоғары:

 

Ерігіштігі 0С

 

Моль/л

г/л

Rb2SO4

1,36

364

Cs2SO4

1,6

167,1

 

Жай сульфат, қос сульфат және рубидий мен цезий ашудастарының ерігіштігін салыстыра отырып қорытынды жасауға болады, сульфаттардың ерігіштігі олардың құрамы күрделенген сайын азаяды.

Сонымен бірге рубидий және цезийлі басқа оттекті қышқылдардың тұздары алынған, оның ішінде органикалық (қымыздық, шарап, бензой, т.б.).

Ішкі катион ретінде рубидий мен цезий болатын комллексті қосылыстар зерттелген, мысалы: Ме3|Со(NO2)6|, Ме2РtСl6(хлоридті қосылыстары туралы төменде айтылады), рубидийлі және цезийлі кремнийвольфрамды, фосфорполь-фрамды, кремниймолибденді және фосформолибдснді қыш-қылдардың тұздары және т.б.

Кремниймолибденді қышқылының рубидийлі және цезийлі тұздарын зерттеумен Е.А.Никитана және А.Г.Коган көп айналысты. Сілтілік металл молибдаттарын зерттеумен, соның ішінде рубидий және цезий молибдаттарын зерттеумен В.И.Спицын айналысты. Осы жұмыстармен рубидий және цезий полимолибдаттарының құрамы зерттелді және олардың термиялық тұрақтылық мәндері алынды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ферсман А.Е. Редкие металлы. 1932, № 4-5.
2. Сажин Н.П., Меерсон Г.А. Редкие элементы в новой технике // Хим. наука и пром., 1956. Т.І, № 5.
3. Меерсон Г.А. и Зеликман А.Н. Металлургия редких металлов. Метиаллургиздат, 1954.
4. Зеликман А.Н., Самсонов Г.В., Крейн О.Е. Металлургия редких металлов. Металлургиздат, 1954.
5. Тронов В.Г. Кклад русских ученых в химию редких элементов. Изд. Знание, 1952.
6. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементов в почвах. Изд. АН СССР, 1950.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз