Өлең, жыр, ақындар

Өлең-жыр байқауының нәтижесі шықты

«NEXT ұрпағы» атты өлең-жыр байқауының нәтижесі шықты. Байқауға 490 өлең-жыр келіп түсті. Олардың барлығы порталда жарияланған. Қазылар алқасының ақылдасуымен өлеңдер сараланып, ең жақсы деген 10 өлең таңдап алынды.

bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталының тұңғыш рет ұйымдастырып отырған өлең-жыр байқауының әділқазылар алқасы: Республикалық «Балалар Әлемі» журналының бас редакторы Абай Дауленов, Республикалық bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталының  бас редакторы Накипов Мұхамедәлі, Түркістан мәдениет қоры төраға орынбасары Нұрбол Бимұрзаев, Халықаралық «Шабыт» фестивальінің лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Әл-Фариби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Әліқожа.

Төменде жүлделі орыннан көрінген шығармаларды жариялаймыз:

Бас жүлде:     

Абзал Алтый – «Сенбі таңы»

Бірінші орын:

Самғар Жарқынбек – «Мен-қазақпын»

Екінші орын:

Ақылбек Әбдіжәміл – «Кино»

Үшінші орын:

tildan_m  – «Бақыт туралы арман!»

Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:

Бас жүлде - смартфон, диплом;
І орын – смартфон, диплом;
ІІ орын – смартфон, диплом;
ІІІ орын – смартфон, диплом;

Үздік ондыққа кірген өлең-жырлар (Алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады):

Таңсәуле Әгенқызы – Түркі аруы (Ақ маңдайда ай сағымы ұялап...)

Нұрайым Нұрқабылова – Анамның әңгімесі (Мырзатай Жолдасбековтың естелігі бойынша)

Дина Жәнібекқызы – Әлі де ғашықпын

Nurbek9523 – Түнгі көше

Дана Русланқызы – Мәңгіліктің бейнесі

Аякөз Рахат – Басымды иіп кішкентай жүрегіммен

Сыйлық иегерлері bilimall.kz@gmail.com электронды поштасына мекен жай, куәліктің көшірмесі (жасты растау үшін), аты-жөндеріңізді толық жазып жіберіңіздер. Барлық сыйлықтар пошта арқылы жіберіледі.

Көпшіліктің сұранысы бойынша осы жылы да өлең-жыр байқауы ұйымдастырылады. Төменде, пікірде сайысқа қатысты өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар, барлығын талқыға салып, барынша сапалы, пайдалы сайыс өткіземіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (79)

Сымбат

Барлықтарыңды құттықтаймын

Nurken1988

Меніңше əділ шешім шығармады. Енді қатыспаймын. Келіспеймін

zzzz

Кутты болсын барине ал коре алмаушылык оте жаман касиет

Er

Меніңше əділ шыққан))) ендігі жолы міндетті түрде қатысамын! Ұсынысым: еркін емес, бір тақырып қойыпқа байланыстырып өткізсеңіздер, рахмет! Шығармашылық табыс тілеймін!!!

Асыл

Өлең жыр байқауы деп ұйымдастырдыңыздар ! Алайда көңіл толарлықтай шешім емес бұл! Бастамаларыңыз жалғасы екен ! Бірақ қатысушылардың үміттері қалды!

Ақмарал

құтықтаймын баршаларыңызды! Ия 1 тамыз бен 30 қараша аралығындағы сайыс өткізілсе жас ақындар үшін жақсы болар еді. Ол байқау енді менің ойымша Алматыда болғаны дұрыс шығар . Себебі онлайн түрде өтсе көбінің реніші басым болып кетеді. Көзбен көріп құлақпен естіп жұрт алдында өз өлеңдерін оқыса әділ болатын шығар!

Нұргүл

Бәрі әділ, жылайтындар барлық жерде болады, жалғасын тапсын деп тілейміз!

Толқын Төлепберген

Жасап жатқан істеріңіз игі екен! Бастамасы жақсы! Ұзағынан болсын!

NazgulZhalgasbai

Әлі де осы сынды сәтті бастамалар жалғасын таба берсін! Бұл алғашқы байқау қазақтың қай баласын болсын қанаттандырып, өнерінің шыңдалуына үлкен үлесін тигізді.  "Өмірге әркімнің-ақ бар таласы" дегендей, әр қатысушы жеңіс жолында шыдап бақты. Бірде бақ шабады, бірде жолымыз болмай да жатады. Өмірдің осындай құнды сәттерінде көңілімізге қаяу салмайық. Әлі де өмір алда. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Осы сынды сайыстар ұлы дала ұландарының талабының шыңдалуына зор әсер етіп жатыр. Жастардың арасында қанаттандыратын байқаулар  өткізіліп тұрса, әлем тоқтаусыз дамып жатқан заманда елін сүйетін құрыштай мықты азаматтар мен азаматшылар көбейер еді. "Bilim-all"сайтына сәттіліктер мен қызыққа толы бастамалар тілеймін!!!heartyessmiley

Xanshaiim

 Жеңгендердің жеңісі құтты болсын!!!

Байназар

Не деген сұмдық мынау?
Ешқандай әділ шықпаған?Байқау шартында Өленнің көріліміне,лүпіліне,пікірге қаралады деген?Ал енді әділ қазы шешімі деп көлсірсіп, не екі сөйлеп отырсыздар????Ұят емеспа?

Сымбат

Байназар, екі бірдейдің арасында, ұнату, пікір және қаралым саны қаралады делінген ғой, неге өтірік айтасың?
Біреудің құрылымы, мағынасы мықты болып, екіншінің тек қаралымы көп болса сен өзің қайсысын таңдар едің? Қаралымы көпке берілсе құрылымы, мағынасы мықты болған ренжімейді ме? Шарттарды дұрыстап оқып, болмашы нәрсені мыжуды доғару керек. Жұрттар уақыт, қаражатын бөліп ұйымдастырып отыр, оларға қайта рахмет айту керек!

Жарылқасын Нұрай

Байназар, не деген майда адамсың? көрілім, лүпіл, пікір деп майдаланбашы, ұят

Асылым

Байназар, не істейсіз басыңызды қатырып, əділқазысы кім, жүргізіп жатқан адамдары кім, белгісіз ғой... Өздері білсің өздері ашқан кеңістік қой... Сенің қандай өнерлі немесе өнерсіз екеніңді олар шеше алмайды...

Дәулет

Байназар, өлеңдеріңнің тақырыбы қандай? қарап көрейік шынымен де жақсы жазғансың ба? Егер солай болса сөзіңе сенуге болады, болмаса бос сөз

Қалихан

Асылым, қазылар жоғарыда жазылып тұр ғой, одан кейін дұрыс айтасыз, мысалы Баян ханым немес басқа біреу мың әнші шақырып конкурс өткізіп, өзіне ұнаған 2-3 әнші таңдап алса, басқаларының оған еш ренжуінің мағынасы жоқ. Мысалы журнал, бокс, түрлі рейтингтерде де түрлі нұсқалар болады, олар бір біріне сай болмауы мүмкін. Мысалы көп естіген болуыңыз мүмкін по версии журнала Empire, по версии WBA, по версии ... дегендерді. Сайысты өткізетіндер де сыйлықты кімге беретіндерін, олар өз версиясы бойынша өздері шешеді, оларды ешкім мәжбүрлей алмайды. Кімге беседе, кімді таңдасада - әділ болады. Өйткені олар өздерінің уақыты мен ақшасын жаратып отыр. Оларға тек сол үшін ғана рахмет айтсақ та болады. Талай сайыс көрдім ішінде үнемі осылай жылап жүретіндер болады. Ең көп жылайтындарды шұқып қарап көрсең шын мәнінде ең сауатсыздары, ең сапасыздары болып шығады. Қаралым мен мағынаны бір дәрежеге әкеп тұрғандардан не күтесіз?))

Əлия

Мен кеш естіп қатыса алмады, енді осы жолы міндетті түрде қатысамын, сіздерге ватсапқа да жаздым))
Жеңімпаздарды құттықтаймын!!

Алем

Ұсыныс онлайн айтыс өткіңізідер

Abdikarimov_nurlan

Жеңістеріңіз құтты болсын.  Әділ болсын әділ болмасын әр адам өзінің деңгейін білсе болды ғой. 1 түйір қара құты мен бір жапырақ қағаз қайда қалмаған. Ең бастысы ақырын жүріп анық басатын жырға ынтызар адамдардан шынайылық пен поэзияға деген құрмет кетпесін. 

Əлия

Қандай жеңіс? болып жатыр өзі

serikkozybayev

Алла разы болсын.

Жеңсекте жеңілсекте бір байрақтың астындамыз.Əр қазақтың жеңісі меніңде жеңісім!!!Алға Қазақтың жігіттері мен қыздары.Алла жар болсын!!!

nurka

Басынан бастап барлық қатысушылардың өлеңін қалдырмай оқып отырған едім...Көңіл толтырмайтын... Шешім қалай шықты екен? Суреткерлік шеберлік аз сияқты... Әділ емес

Балнұр

Достар, конструктивті сын айтсаңдар бір жөн, болмаса әділ-әділ емес деген бос әңгімеге ұқсайды

Балнұр

Менің ұсынысым: 14 жастан емес, енді тек 20-дан немесе 25-тен жоғары жастағыларды ғана қатыстыру керек, немесе 18 ден кішілерді бөлек қатыстыру керек.

Aisulu

Барлықтарыңызға сәттілік ! Бұл бастамалар маған қатты ұнады тек алғашқы сайыс туралы кеш білдім Келесі сайыста міндетті түрде қатысамын!

Баймахан

Игі істеріңіз алға баса берсін! Ақындарға айтарым: сыйлық маңызды емес, бұл платформаны пайдаланып өз шығармашылықтарыңызбен бөлісіңіздер! Бір бірлеріңмен танысыңыздар, бір-бірлеріңе қолдау көрсетіңдер, бір-бірлеріңе оқырман болыңдар. Бұрын ақындар өлең-шығармаларын қайда шығарсам екен, қалай басып шығарсам екен, оқырмандармен қалай бөліссем екен деп жүретін. Бүгін құдайға шүкір оқырмандармен бөлісу үшін осындай орындар, мүмкіндіктер бар және олар газет-журналдардан да тиімді әрі пайдалы, қай тұрғыдан қарасаңыз да. Осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану керек.

Балнұр

Адамдар нанкөр болып келеді))) Ұйымдастырмаса - неге біреу шығып осындай шараларды ұйымдастырмайды деп, ұйымдастырса - неге жөндеп жасамайды деп. Айта берсін! «Ит үреді, керуен көшеді» дегендей мән бермеңіздер, тек алға! Бастамаларыңыз дұрыс және қоғамға пайдалы, ең бастысы адамдар сөйледі деп тоқтатып қоймасаңыздар болды!

nurka

Расымен де, жас мөлшеріне қараса екен, мәселен 15-22, 23-35...тағы сол сияқты))))

Нұрай

Жарайсыздар. Ұтыстарыңыз құтты болсын. Тагыда ұйымдастырса менде бақ сынаймын.

zhanibek

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын қадамдарыңызға гүл бітсін 

 

Оспанова Перизат Оразымбетовна

Менің де өлең жазатын қабілетім бар әр түрлі тақырыптарға Сол өлеңдерімді қалай жариялауға болады Осындай жарыстарға қатысу үшін қайда кімге xабарласамын

Gulim Bibazarova

Өте тамаша???????????? Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын❤ Осындай тамаша сайыстарды тағы да өткізіп тұрсаңыздар екен???? Жаңа бастап келе жатқан жас буындарға тамаша мүмкіндіктер болады ғой. Осындай сыйлық беріп,жарыстар ұйымдастырса одан әрі шабыттары ашылып,өз елімізге тағы да жас ақындар жиналады. Ақын-жазушы ата-апаларымыздың жолын қуушы жас өрендер көптеп ортамызға қосылмақ....

Аякөз Рахат

Үздік ондыққа ілінемін деп ойламадым.Қуаныштымын.Барша жеңімпаздарды құттықтаймын))

Модератор

Оспанова Перизат Оразымбетовна, осы сайтқа жариялауға болады, сайттың жоғарғы жағында нұсқаулықтар бар, сол жерде барлығы жазылған.

Maria Ashirbai

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын, биік шыңдардан көріне беріңдер. Бұл сайыс қайда болды???

Кім бұл?

Өлаааааа не болд сонша әділ әділ емес деп ұрысып жай ғана жарыс қо ұтылғандар ұрысар босандар қатыспандар жылауыктанбай

kamshat1980

Жеңімпаздарды құттықтаймынІ Алар асуларыңыз көп болсын! Менің айтарым осы сайысқа тек жастарды ғана емес 30-40 жас аралығындағы адамдарды да қатыстырса жақсы болар еді. Жас кезеңдеріне қарай байқауды тағы да ұйымдастырса деп ойлаймын. Мысалы, мен де өлең жазамын . Жасым 37-де. Өлеңдерімді көп жерде жариялай алмай жүрмін.

Бақтыгүл

Жеңімпазды құттықтайм

сәлем

Халық айтса қалып айтпайт деген бар . Негізі халық бағалағаны дұрыс деп ойлаймын.
Орын алған дарда, алмағандар да
Келесіде жақсы жетістіктерге жеткенің тілейм

Кім бұл

Қудайау бір жарыс үшін ұрысып не болды жарыста бактарынды сынасандар жетедіго утсандар куанасындар женылсендер мұнаясындар ұрысатын болсандар катыспандар

Аяулым

Супер! Құтты болсын!

ƏСЕЛ

Жеңістеріңіз көп болсын

Думан

Керемет

пікір

Осы байқау жалғасады екен

Азамат

бәрі әділ

Самал

Қатысушылардың жас ерекшелігі қандай? жас ерекшелігіне қарай топталып, бәйгеге түсе ме, әлде жалпы ма? Мен үйірмемнің балаларын қатыстырсам деп едім. Шарттарын қалай білсем болады?

Бәтес

бұл сайыс қайда жарияланады,қайда болады,келесі сайыс тамыз бен қараша айларында деп жазыпты сол кезге дейін жіберу керек пе?

abdizhamiloff

Мен жазып едім , жауар болмай жатып ? Админ демалыста емес па ?

Модератор

abdizhamiloff, бүгін жауап беріледі.

аделя

баршаларынызды жениспен кутыктаймын .

Айжанар

Енди тагы да болады ма? Кашан?

Айжан

Мен қай жерде болмасын әділдік бар деп есептемеймін,өйткені небір дарындылар айдалада қалып бездарныйлардың жолы болып кететін заман. Қатыспай ақ қой ұнамаса деп шығатындар бар ғой сол адамдар нағыз соның бел ортасында жүретіндер. өләәәә-деп қойып.

Бибінұр

Менде байқауға қатысқым келеді! Қатысу үшін не істеу керек?

Назипа

Жаратылыстану пәндері нақты химия пәні бойынша байқаулар болса деген ұсыныс айтқым келеді.

Жібек

Барлықтарыңызды құттықтаймын!!! Тағы да осындай сайыстар болғаның қалаймын.Менің де осы байқауға қатысқым келеді№

Не керек саған

Бұл сайысқа калай катысса болады

Аружан Матир

зор

Ера

күштііііііііііііііііііііііііііііііііііііііііі

Акжибек

Рахатбек

Акжибек

Мен де катыскым келеди

Меруерт

Мен осы байқауға қатысқым келеді не жай бағалаласыздар деймін
Бір өлен шығардым соны қалай жіберемін?

Меруерт

Бұл өлең өткен шақты сағыну мен алғашқа махаббат жайлы

Меруерт

Жеңімпаздарды құттықтаймын!
Мен бір өлең шығарып едім соны жариялағым келеді Байқауға қатысқым келеді не сол өлеңді бағаласаңыздар деймін Бұл өлең өткен шақты сағыну мен алғашқы махаббат жайлы

Самғар

Меруерт, жоғарыда нұсқаулық бар, сол жерде барлығы жазылған.

Гүлназ

Өте жақсы байқау. Осындаилар жиі болса екен. Жасқа шектеу жоқ па?

Гүлназ

Жалпы өлеңнің тақырыбы не туралы болу керек ,әлде шектеу жок па? Жеңістерің құтты болсын.әділ емес деп аитпаиақ қояиық . жеңген бағы болар.не болса да қазак жеңсе , жалпы адам жеңсе біздің жеңісіміз .соны ұмытпаиық.біреудің жеңісіне ортақ болмасақ,өзіміздің жеңісімізді бөлісетін дос таппаи қалмаиық.

Пакиза

өлеңнің тақырыбы еркін

Аяжан

Катыскан да женыской

Наушаруан

Керемет менде кытысамын.

Акооо

Керемет бірақ әділ қазы болғаны дұрыс. Себебі лайкты өтініш етіп, жинап алуға болады. Лайкқа қарау әділ емес деп ойлаймн. Еркін тақырып емес. қатысушылардың бәріне бір тақырып беріп байланыстырған жөн. Және көлеміне қарамаңыздар. Себебі 3 шумақтың өзіне керемет етіп ойды сыйғызуға болад.

Әдемі

Өте керемет сайыстар жас қаламгерлер үшін өте пайдалы деп ойлаймын!

Бағила

Мен қатысамын

аружан

өлеңді кайдан жібереді

аружан

мен қатысамын

Бауыржан

Аружан, өлеңді сайтқа тіркеліп енгізу керек, сайтқа жазылады шарттары

Мерей

Сәлеметсіздер ме керемет сайт екен мен кеш естіп қатыса алмадым қалай қатысуға болады толық мәліметтер керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар