Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПОЛИТЕХНИКАЛҚ КОЛЛЕДЖІ

«ӘЛЕМНІҢ ДАМЫҒАН 30 ЕЛІНІҢ  ҚАТАРЫНА КІРУ» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

Дайындаған: Байтурсынова А.У.

Ашық сабақ

Мамандығы: 1306093 - «Радиоэлектроника және байланыс»

Курсы: 1

Тобы: 573

Студенттер саны: 25

Мерзімі: 24.01.2018 ж.

Өткізілетін орны: 316 дәрісхана

 

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

Көрнекіліктер: слайд, нақыл сөздер

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және 573 тобының студенттері!

2 жүргізуші: Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Отан дейміз – от жаққан жерімізді,

Отан дейміз – өсірген елімізді.

Отан дейміз – туған жер, атамекен,

Биік тау, орман тоғай көлімізді.

Отаным менің кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!

2 жүргізуші: Ал, оқушылар бұл өлеңде не туралы айтылған?
Отан дегенді қалай түсінесіздер?

1 жүргізуші: Енді мақал – мәтелге кезек берсек, Отан туралы мақал – мәтел білеміз бе?

2 жүргізуші: Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.

1 жүргізуші: «Ой қозғау». Сұрақтар қойып, жауап алу.

2 жүргізуші: Қазақстанның рәміздерін ата?

1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президентін ата.

2 жүргізуші: ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн)

1 жүргізуші: Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

2 жүргізуші: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

1 жүргізуші: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің 2017 – 2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

2 жүргізуші: Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға. Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптасады.

1 жүргізуші: Ал тобымыздағы оқушылар Отанға деген ізгі тілектерін білдірсе.

1 – оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата – бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

2 – оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

3 – оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы.
4 – оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік ел ордамызды тұрғыздық.
5 – оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!.

6 – оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.

2 жүргізуші: Рахмет үлкен сіздерге! Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда, сіздер мен біздердің қолымызда!

1 жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

2 жүргізуші: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. «Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу”
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

1 жүргізуші: 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
– Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
– Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
– Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
– Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
– Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.

2 жүргізуші: Сөзімізді қорытындылайтын болсақ, Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай – талай жаңалық ашар білімділер керек.

1 жүргізуші: Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

2 жүргізуші: Сонымен қатар, Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
– Мы патриоты нашей страны деп барлығымыз бірге қайталап өтсек.

1 жүргізуші: Рахмет барлықтарыңызға, қош сау болыңыздар!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз