Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз ізденісі - шығармашыл шәкірт

Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық, демекші, шәкірт бойына ерекше ынта-жігерді, шығармашылық қабілетін шыңдауға дағдыландырып келе жатқан ұлағатты да үлгілі ұстазым Төлегенова Мейрамкүлді мамандық таңдаудан қателеспеген деп мақтанышпен айта аламын. Қай заманда болсын, ұстардарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Төлегенова Мейрамкүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде шәкірт ізденісін қажет етіп, шығармашылыққа баулитын жан. Өйткені, ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі негізгі ұстанымының бірі-шәкірттің қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету болып табылады.

Биыл мектепте қызмет жасап, шәкірт тәрбиелеп, оларға бар білгенін үйретіп келе жатқанына - 28 жыл. Қонысбаев айтқандай: «Өмірім бәйгеге ұқсайды. Топты көрсем тыпыршып отыра алмаймын» демекші, ұстазымыз әркез оқушыларды барынша шығармашылыққа деген құштарлықтарын оятуды көздейді. Және де әр шәкіртімен өн-бойын ерекше сезім кернеп, соларды мақтаныш етеді. Оған дәлел - оқушыларының жетістіктері. Айталық, I аудандық жыршылар байқауына қатысқан 9 «б» сынып оқушысы Оңғарбек Асылбек I-орынмен марапатталды. Кейіннен облысқа жолдама алып, облыстан «Қайратты туған ер еді..» тақырыбында 3-ші орын иеленіп, «Fly» смартфонын ұтып алды. Аудандық Махамбет оқуларында 11-сынып оқушысы Рысжан Гүлсезім «Ел құтқарар ер едім» жатқа оқу конкурсы бойынша «Алғыс хатпен», «Тартынбай сөйлер асылмын» дарындылар конкурсы бойынша Жамбылова Сания 3-орынмен марапатталды. Ал, XV аудандық Абай оқуларында «Өлең-сөздің паташасы, сөз сарасы» бағамы бойынша Смағұлова Гүлнұр 3-орынмен, «Ұлы арман» әндерді орындау конкурсы бойынша Асанжанова Ұлданай 3-орынмен, «Тартынбай сөйлер асылмын» дарындылар конкурсы бойынша Махамбетәлиева Зере 3-орынмен марапатталды. Осы аталған оқушылардың барлығы бұнысымен шектеліп қойған жоқ. 11-сынып оқушысы Мұратова Гауһар «Ұстазыммен мақтанамын» атты жоба қорғап, Республикалық сертификатпен марапатталды. Оқу озаты атанып жүрген Махамбетәлиева Зере Арал ауданы көлемінде таратылатын «Үмітті Арал» газетінде «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» тақырыбында жазылған мақаласын өзіне үлгі көретін ұстазына арнаған. Бұл, әрине  шәкіртті шығармашылыққа баулудағы еңбектің ақталғаны деп білемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз