Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныптарда ғылыми–зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігіне көз жеткіземіз. Ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ,  оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады. Бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыта аламыз. Сонымен қатар оқушы ізденіп, болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болып,  өзінің іс - әрекеті арқылы шешімін табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуді үйренеді. Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын бала- ол дарынды бала.  Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. 
Дарынды балалар қоғам үшін басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

    Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді: 
- ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы. 
- ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу. 
- барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі 

Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден оқушының жеке бас қасиеттері туралы сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алуымыз қажет.

Зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты  немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын ұсынуға болады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабағы барысында хабарламалар жазу, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық жұмыстарды айта аламыз. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстар ұсынуға болады. Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз. Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады. Көрген, білген, естіген ақпараттарын  суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады. Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбекті талап етеді.

Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу  арқылы балалардың қызығушылықтары артады (мысалы: ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы). Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы, еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға соқпайды.

Осындай шағын зерттеу, бақылау жұмыстары арқылы көзге түскен оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында біздің мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы құрылуы қажет. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мақсаттар мен міндеттерді айқындап алу керек. Ғылыми қоғам мүшелігіне оқушы өз-өзін ұсынуына болады. Ол үшін оқушы өзінің шағын зерттеу жұмыстары мен шығармашылық еңбектері жиынтығын көрсетеді.

Оқушылардың ғылыми қоғамы дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып, ғылыми – зерттеулермен шұғылдануды үйреніп, шығармашылық машықтарын қалыптастырады. Ғылыми қоғам мүшелерінің зерттеу- іздену жұмыстарына деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру мақсатында әрбір ғылыми қоғам мүшесіне мектеп әкімшілігі төсбелгі немесе куәлік беруді ойластырса деген ой туады. Сонымен қатар ғылыми қоғам жұмысын әрі қарай жандандыру үшін мектепішілік

  1. Дөңгелек үстел
  2. Семинар
  3. Конференция өткізілсе дұрыс болар еді.

Дөңгелек үстел - Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мақсаттар мен міндеттерді айқындап, жоспар құрады. Сонымен қатар дарынды оқушылар өз-өздерін ұсынады. (қыркүйекте)

Семинар – оқушылар мен мұғалімдер арасында өткізіледі. Зерттеу жұмысымен айналысқан оқушылар өз еңбектерін ортаға салып, кемшіліктері қаралып, пікірлер ұсынылады. (Наурызда)

Конференция – оқу жылының соңында мұғалім, оқушы, ата-аналардың қатысуымен өтеді. Бұнда «Дарын» орталығы өткізген конференцияға қатысқан жас зерттеушілер өз жұмыстарын жан-жақты көрсетеді. 

  Осындай жұмыстар өткізуді қолға алсақ бірнеше оқушы өздерінің жұмыстарын дайындап отыру мүмкіндігіне ие болады. Және жүлделі орындардан да үміткерлер көбейер еді. Сондай ақ жас зерттеушілерге арналған кітапша шығарылып таратылса. Оның ішінде оқушының фотосуреті, оқушы туралы анықтама, оның шығармашылығы жарияланса және мектеп ішінде таратылса, оқушының мәртебесі өсіп, басқа да оқушылардың қызығушылығын оятады. Көрінбей жүрген оқушылар көзге түсу үшін еңбектеніп, талпынады.

 Бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын зерттеу жұмысының тақырыбы : анық, мағыналы, қысқа, дәл болуы керек.

  1. Тақырып оқушыға қызықты, оларды тартатындай болуы керек.
  2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
  3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өз жақсы білетін тақырып аясында таңдау керек.
  4. Тақырып шынайы болу керек. Онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік болу керек.
  5. Тақырыпты зерттеу ұзақ уақытқа созылмау керек.
  6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек. Және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болу керек.

Тақырып таңдалып алынған соң, зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды. 

Осындай сұрақтарды негізге ала отырып, зерттеу жұмысының кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады.

  1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау
  2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу
  3. Зерттеу күнделігін жүргізу.

Зерттеу мәселелерін теориялық талдау- мәселенің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастырды сипаттау, сонымен қатар бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының бәрі зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды.

Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу- Мәселелердің мәнісін түсіндіретін немесе оны шешугеболатын ғылыми әдістерді пайдалануға шақырады. Зерттеу жұмыстарының бұл бөлігі маңызды болып табылады. Бұл кезеңде жұмыстың авторы өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б зерттеу әдістері жүреді. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

Тақырыпты әрі қарай аша түсу үшін жас зерттеушінің жеке күнделігі болу керек. Күнделік оқушыға  берілген тақырып жайында мақсатын айқындап алып, әрі қарай жұмысын жалғастыруға көп көмек болады. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды. Мәліметтер мен деректер жинақтайды, тәжірибе жасайды, бақылайды, зерттейді, зерделейді,

  • Ғылыми жұмыстарға үңілу. Керектісін күнделікке түртіп алу
    - Ғалымдардан, басқа да адамдардан ақыл –кеңес сұрау. 
    - Интернетке жүгіну. 
    - Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу. 
    - Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру
  • - Қорытынды жасау. Осының бәрі жас зерттеушінің күнделігінде қамтылады. Оған қосымша бейне материалдар, слайдтар, фотосуреттерден альбом жасау ұсынылады. Соңы жұмыс қорғауға дайындалумен аяқталады.

 

Рәсімдеу жүйесі

  • Бет парақ
  • Мазмұны
  • Кіріспе
  • Теориялық білімі
  • Зерттеу бөлімі
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Қосымша (егер қажет болса)

Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалуы керек және әдемі болуы керек.

Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркелуі керек.

  • Аннотация (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)
  • Ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады.
  • Зерттеу күнделігі

Мазмұны бар беттерді рәсімдеу.

  1. Беттің жоғарғы бөлігіне «Тарау» немесе «Мазмұны»жазылады.
  2. Мазмұнда ғылыми жұмыстың реті көрсетіледі.Және бет нөмірі жазылады.
  3. Бет нөмірі 3-ші беттен, кіріспе бөлімнен басталады.

1-ші, 2-ші бет нөмірленбейді, бірақ ескеріледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз