http://a-brands.kz/

Алматы оқушылары демалыс кезінде қолөнер бұйымдарын жасап үйренбек

Алматыда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі оқушыларды қысқы демалысты тиімді пайдалануға шақырып отыр. Музейде шеберлер балаларға қолөнер бұйымын жасауды үйретпек.

«Демалысты бірге өткізейік!» шарасы 2018 жылдың 3-7 қаңтар күндері ұйымдастырылмақ. Музейдің хабарлауынша, балалар басқұр жасап, киіз басуды, білезік әзірлеуді үйренбек.

«Бұл күндері «Ғажайып шам» қыш құю шеберханасы жұмыс жасайды. Керамикалық өнімді оқушы өзімен бірге алып кете алады. 3 қаңтарда миниатюра техникасында керамикалық мүсіншені безендіреміз. Жаңа білезікті де оқушы өз қолымен жасап ала алады. 4 қаңтарда көне басқұр техникасын үйренеміз. Сондай-ақ, сіздер үшін осы күні қыш бұйымдар шеберханасы жұмыс істейді. Жұма күні, 5 қаңтарда киізден аксессуарларлар жасаймыз. Сенбі күні, 6 қаңтарда, шеберлердің жетекшілігімен біз сәндік ұлттық үлгілермен панно тоқумен айналысатын боламыз», делінген хабарламада.

Балаларға қол өнербұйымдары бойынша сабақтар ақылы, 1 200 теңгеден бастап, 2 000 теңге аралығында болмақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Адеми Таниева

Баска каладан балалар келуге боладыма

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)