Өлең, жыр, ақындар

Отаным менің!

Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан.

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Оның қандай қиын жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол –талай күрестің жемісі. Көзіме елестетер болсам, өткен тарих қойнауынан құлағыма «Елім-ай» деген ата-бабамыздың зарлы үні, «Оян, қазақ!» деген Алаш азаматтарының ащы дауысы, «Желтоқсан желінің» ызғары келеді. Онда көздерінен қанды жас ағып, елімен, жерімен қимастықпен қоштасып, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Тәуелсіздік үшін күрес қанша қасиетті болса, сол күрес жолында құрбан болған батырлардың есімдері де қасиетті. Осындай ұлан-ғайыр жерді қорғаған қайсар бабаларымыздың аруағының алдында қашан да қарыздармыз.Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

– деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.


Қоғамдық дамудың рухани жаңғыруында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғатын, Отанын, жерін сүйетін, шын мәніндегі патриот жандар баршылық. М.Әуезов: «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ» десе, ал Сухомлинский: «Отан — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа» дейді. Отан… Атамекен…Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Алайда кейде Отанын сататын опасыз жандардың әрекетін көре тұрып қынжыласың. Сондықтан мен ұстаз ретінде оқушыларға патриоттық тәрбиенің дәнін құнар

Отан – от басынан басталады, демек өз бесігің , өз үйің.
Бауыржан Момышұлылы етіп сепкім келеді.Болашақ жастардың тәуелсіздіктің парқын Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын?  Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды

Табиғаттың тамаша жазы қандай

Айналама көк кілем жазылғандай.

Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,

Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан — менің атамекенім. Атамекен деген — туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты да әдемі. Біз елдің ертеңіміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз