Өлең, жыр, ақындар

Жаңа заманның құрылыс тәсілдері

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Қ-55 топ студенті – Бекзат Жұмабек

 

Жаңа заманның құрылыс тәсілдері

Келесі ғасырларды құрылыс өнеріне негіз болған жаңа құрылыс тәсілдері Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қалыптасты. Кеңес ғалымдарымен бірнеше рет Х-ХІІ ғасырлар - «были эпохой чрезвычайного развития строительного искусства в Средней Азии и Южном Казахстане» деп айтылды. Сол заманның сәулет өнеріндегі ең бастысы -жаңа идеялардың пайда болып, олар сарайлардың, собор мешіттерінің, күмбездердің, сардобтардың, медреселердің, керуен-сарайлардың, феодалдык қамалдардың безендірілуінен және олардың құрылымдарынан байқалды.

Бетше босағаны жасаумен қатар тромптардың, көп қырлы барабандардың және күмбездердің тромп жиектерінен тұратын ғимараттың құрылымдық бөлігі қарқынды дами бастайды. Күмбездер, сүйірлі аркалар, қуыстар және тас үңгілер үлкен өнермен жасала бастады, олардың сәндік және құрылымдық маңызы болған. Орта ғасырлардағы құрылыстардың архитектоникасын «желкенді» күмбездер құрайды.

Х-ХІ ғасырлардан бастап Оңтүстік және Орталық Қазақстанда кесенелерді салу кезінде күйдірілген кірпіш негізгі құрылыс материалы болып табылды. Осы кезде төрт бұрышты кірпіштер көп тарала бастайды. Мемориалдық сәулет ескерткіштерінде төрт бұрыш, үшбұрыш, ромб, шыршалы өрнек түрінде кірпіштерді қалау әдісімен ажарландыру элементтері пайда болады, ол үшін бедерлі кірпіштер және кесілген терракота қолданылған. Ғимараттарды кірпішпен сәндеу қалау кезінде аса мұқияттылықты қажет етті.

Осы заманда галереясы бар екі қабатты ғимараттар пайда болады. Жоғарғы беті ганч ерітіндідегі байланысқан тақталар қатарымен қапталған жарты сфералы күмбездер көп қырлы немесе пішіні басқа барабандарға сүйенді. Осы құрылым пішіндер үйлесімінің аяқтау нысаны болды.

Сәулеттік сәндеудің бір элементі - түрлі тұрмыстық, аңшылық, соғыс көріністерін, мәйіттің өмірінен эпизодтарды бейнелейтін суреттерді қабырғаға салу. Ежелгі қабырға суреті Кеңгір өзенінің кесенесінде бейіт тақтасында сақталған, қару- жарақтарымен және атымен тұрған жауынгер бояумен бейнеленген. «Бағана» таңбасының болуы бұл жауынгердің бағаналы руынан шыққандығын дәлелдейді. Кесене қабырғаларындағы су-реттер Сырдария, Талас, Шу, Ембі өзендерінің аңғарларынан табылды. Қабырға суреттері Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Байтымбет, Жантая кесенелерінен байқалды. Олар киіз үйдің ішкі көрінісін және қазақтар өмірінің тұрмысын бейнелейді.

Құрылыс ісінің және сәулеттің дамуы үшін — құрылыс материалы басты мәселе болған. XIX ғасырлардағы орыс ғалымдары Н. Богаевскийдің, М. Татаржинскийдің, М.Я. Киттардың, кеңес ғалымы А.Н. Глуховтың еңбектерінде Қазақстан сәулетінің тарихында алғаш рет құрылыс материалдарының мәселелері жазылған.

Ежелгі заманнан бері Қазақстанда және Орта Азияда тас, саз балшық, сарғыш топырақ, шикі және саманды кірпіш, ағаш, шым, қамыс, сабан, гипс - құрылыс материалдары болған.

Ежелгі орта ғасырда зәулім ескерткіштерді тұрғызу кезінде тас басты құрылыс материалы болған. Осы замандағы қабірлер яшмадан, порфирден, қызыл және жасыл құмдақтан және т.б. салынған. Маңғыстауда, Қу, Дегелең тауларында бұл жағдайда әктас кең пайдаланылды, Атасу өзенінде ақ тастан жасалған құрылыстар кездеседі. Граниттен, сиениттен, диориттен, габбродан жасалған мүсіндер қыпшақ бейіттерінің айнымас бөлігі.

Осы кезде тастан салынған құрылыстармен қатар ғимараттар саз балшықтан, пахсадан және ірі шикі кірпіштерден салына бастайды, ганч*алебастр - жаңа құрылыс материалдары игеріле бастайды.

Іргетасы мықты болған жағдайда шикі кірпіштен тұрғызылған ғимарат өте берік болған, оны жүз жылдықтар бойы тұрған кейбір қамалдар мен кесенелердің қабырғалары дәлелдейді. Н. Пудовиков: «Дома из сырцового кирпича удобны, теплы, прочны и дешевы», «лучшими строителями жилых домов из сырцового кирпича были казахские мастера»- деген. Сүттері мол болғандықтан ежелгі малшылар соны шикі кірпіштің және қыш ыдыстардың сапасын жақсартатын құрал ретінде пайдаланған, соның арқасында олар өте мықты болған.

Күйдірілген кірпіш байырғы күйдірілген батпақ пен шикі кірпішпен қатар кеңінен қолдана бастайды. Ғимараттың іргетасын салу кезінде дәстүрлі құрылыс материалы - тас пайдаланылған, ал ағаштарды байластыру үшін жиде және шоқ тал қолданылған.

Ежелгі құрылысшылар саз балшықтың иілімділігін жақсы білген. Үй-жайларды, қыстауларды салу кезінде шикі саз балшықты қабат-қабат етіп жапсырған. Мұндай ғимараттар - саз балшықты деп аталған. Саз балшықтан қабырғаларды тұрғызу кезінде «пахса» деп аталатын сарғыш топырақ тамаша құрылыс материалы болып табылды. Одан салынған молалар бірнеше жүз жылдар бойы бұзылмай сақталған. Әсіресе осындай саз балшықтан жасалған күмбездер Балқаш өңірінде және Шығыс Бетпақдала көп. Саз балшықтан салынған ғимараттар бүкіл Орталық Азияда кең таралған.

Саз балшық ерітіндісі - лай, қақ, май қабырғаны шикі кірпіштен тұрғызу кезінде байланыстыру материалы ретінде қолданылған. Көбінесе қабырғалар гипс қосылған саз балшық ерітіндісімен жасалған, ол «ганчхак» деп аталған.

Саз балшық, сондай-ақ сылақ дайындайтын материал ретінде пайдаланылды. Ол үшін саз балшық ерітіндісіне қамыр сияқты қоймалжың болғанға дейін саман қосылған, оны бір тәулік қойып қойған. Және көбіне саз балшық шаңы мен кішкентай самандарды илеуіштен өткізген. Бұл ерітінді сылақтың бірінші қабаты ретінде пайдаланылды, одан кейін ганчхак, оның үстінен - таза гипстың қабаты өтті, соңғы қабатқа су бүркіп, темір үккішпен тегістеліп отырған.

Ерте орта ғасырдың соңынан бастап кесенелердің (кешен, күмбез) және басқа ғимараттардың қабырғалары шикі кірпіштен салынып, күйдірілген кірпішпен қапталған. Кейде тек қана күйдірілген кірпіштен салынған. Құрылыс ісінде шаршы, үшбұрыш, ромб, шырша түріндегі қоғамдық және мемориалдық ғимараттардың маңдайшаларын бедерлі кірпішпен қалау әдісі кең тарала бастайды. Колонналары, пилондары, ұшқыр аркасы бар бетше босаға (пештаки) түрлі өрнектермен әшекейленді, мысалы, «шым-шимен» және өрнектелген жиектермен көмкерілді.

Орта ғасырдың сәулет ескерткіштерінде күмбездерді, аркаларды және қабырғаларды нығайту үшін және жапсырма өрнектер мен терракотаны орындау үшін құрылысшылар гипс пен алебастрды (бор) қолданған, соңғысы түсінің ақ болуына байланысты қымбат бағаланды. Гипспен қоса алебастр кесенелердің ішкі қабырғаларын сылау үшін қолданылған.

Ағаш «астауда» немесе жер шұңқырында шикі кірпіш дайындау үшін саз балшықты сумен немесе әк-құмдақ ерітіндісімен белгілі бір қоймалжың болғанға дейін араластырған. Ол үшін өгіздер мен аттар пайдаланылған. Осы қоймалжыңнан шикі кірпіш дайындалған. Кірпіштер мықты болуы үшін ерітіндіге сабан, жүн және сүт қосылған, содан кірпіш өте мықты болған. Шикі кірпішті күйдіріп, содан күйдірілген кірпіш шыққан. Күйдірілген кірпіштен ежелгі Түймекент, Жанкент, Созақ қалалары, тамаша Жұбан ананың, Жошы ханның кесенелері және т.б. салынған. Кесенелерден алыс емес кейбір жерлерде кірпіштер күйдірілген пештердің ізі сақталған.

Ағаш сүрегі - Жетісуда, Ертісте, Алтайда, Солтүстік Қазақстанда бірегей құрылыс материалы болып есептелді. Қарағайдан, майқарағайдан және қайыңнан үй-жай салынып, кесенелерді тұрғызу кезінде ағаш сүрегі пайдаланылған. Сырдарияда, Талас және Шу өзендерінің аңғарларында үй-жайлар теректен, жидеден және қарағаштан жасалған арқалықтармен жабылып, жайпақ төбе қамыспен, шөппен, ал ең үсті топырақ араластырылған қимен жабылған. Осы үйлердің төбесі саз балшық ерітіндісімен сыланған. Ағаш материалдарының арасында терек өте мықты болып есептелген.

Жаңа сәулет феодалдардың жаңа талғамы мен идеологиялық қажеттіліктеріне жауап берді. Сол замандағы ескерткіштердің арасында діни және қорғаныс ғимараттары, қамалдар, кесенелер, собор және басқа да мешіттер, сондай-ақ керуен-сарайлар, сардобтар, моншалар және т.б. көп кездеседі. ХІ-ХІІ ғғ. ескерткіштері арасында сақталып қалғаны аз, және олардың көбісі уақыт өте келе бұзылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз