Өлең, жыр, ақындар

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша қиындықтарды және оларды жою жолдары

Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар:
1. ақиқат
2. дұрыс әрекет
3. сүйіспеншілік
4. ішкі тыныштық  
5. қиянат жасамау. Осы бес құндылықты өзін-өзі тану пәні жан-жақты қарастырады.

Балабақша тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және тәрбиеленушілердың өзін өзі жетілдіруіне қажетті орта жасау үшін қажет. Бірақ тәрбие процесі – өте күрделі, ұзақ жол. Бала үшін де, тәрбиеші үшін де ол солай. Бұл баланың тұлғалық қалыптасуына ықпал ететін көптеген факторлар әрекеттестігіне тән көп қырлы процесс. Ол бәрінен бұрын ата-ана, туған-туыс, балабақша, баланың достары, демалыс уақыттарын бірге өткізетін орта. Олардың өзара тығыз байланысынсыз тәрбиеде табысқа жету мүмкін емес. Балалар айналадағы тіршілікті көбінесе өз ата-аналарының пікір, көзқарастары арқылы бағалайды. Сондықтан балабақша мен  отбасының ынтымақтастығы, шағармашылық өзара тығыз әрекеттістігі өте маңызды жәйт. Бұл тәрбиелердің ішінде балаға ең ықпалдысы отбасы тәрбиесі болып табылады. Өйткені бала өзінің сәби кезінен бастап барлық ақпаратты, тіршілік дағдыларын отбасынан алады, осында айналасын таниды, еңбекке араласады. Жақынмен де, алыспен де ұшырысады. Қуаныш, күйініштерді бастан кешіреді. Отбасында бір-екі бала, ілуде ғана үш-төрт бала тәрбиеленсе, балабақша тәрбиешілері 30, кейде одан да көп балаға тәлім-тәрбие береді. Өкінішке орай, тәрбиедегі отбасы рөлі төмендеп барады. Бұған септер де көп: қайтсем көбірек қаржы табам деген ата-аналардың жұмысбастылығы, адамгершілік әлеуеттің төмендігі, педагогикалық сауатсыздық, ата-аналар арасындағы қайшылықты жағдайлар т. б. Нәтижесінде біз өз балаларымызды жоғатамыз, адамгершілік принциптерінен ада, өзін өзі бақыламайтын, бей-берекет жүретін, зиянды әдеттерге үйір, некеге, отбасылық өмірге, ізгі дәстүрлерге мысқылмен қарайтын жастардың қайдан шығып жатқанына мән бермейміз. Ал бұл жағдай түптің түбінде отбасылық дәстүрлерді, тіпті қоғамның өзін тоқырауға ұшыратпасына кім кепіл.

Бұдан шығудың қандай жолы бар?

Бұл үшін ең алдымен бала тұлғасын жетілдіруге бағытталған балабақшаның педагогикалық тәжірибелері мен отбастарының ынта-ниеттерін ұштастыра білу керек. Бұл отбасы мен балабақша арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың тамаша негізі. Ол және «Өзін өзі тану» атты жаңа пәннің оңды нәтижелер беруіне де кепіл болмақ. Ата-ана тәрбиесі неғұрлым нәтижелі болу үшін олардың өздері де өзін өзі танумен және өзін өзі тәрбиелеумен шұғылдануы қажет. Балаларын жақсы көретін ата-ана ғана емес, сонымен бірге оларды тәрбиелей де алатын педагог-ата-ана болу шарт. Өзін өзі тану сабақтары балалардың өзін өзі жетілдіруіне жаңа мүмкіндіктер сыйлайды, алдарынан жаңа көкжиектер ашады. Мұнда сен өз тағдырыңа өзің қожа боласың.

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы
"Жауқазын" бөбекжай-балабақшасының
әдіскері Сайпиева Юлдуз Абдилазизовна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз