Өлең, жыр, ақындар

Міндетті түрде дәмін татып көруге тұрарлық 5 түрлі жеміс жидек салаттары

Қарапайым жемістерге шоколад пен кілегей қосып дəмді таңғы ас, диеталық жеңіл тамақ немесе хош иісті десертті оңай дайындауға болады.

1. Қаражидек пен апельсин шырынынан жасалған жемісті салат


Құрамы:
•    1 стақан құлпынай;
•    1 стақан шие;
•    ½ стақан қаражидек;
•    ½ бөлік қызыл алма;
•    ½ бөлік шабдалы;
•    1 киви;
•    2 ас қасық лимон шырыны;
•    1 стақан апельсин шырыны.

Дайындау әдісі:

Шиені екіге бөліп, сүйегін тазалаңыз. Жемістерді орташа етіп турап алыңыз. Ыдысқа лимон шырынын құйып, жеміс жидектерді қосып, араластырыңыз. Апельсин шырынын қосып, хош иісін сіңдіру үшін, қойып қойыңыз да, одан кейін шырынын төгіп тастаңыз. Салатты салқындатылған немесе жылы күйінде де ұсынуға болады.

2. Шоколад пен көпіршітілген кілегей қосылған жеміс салаты

Құрамы:
•    2 банан;
•    2 дана алма;
•    1 киви;
•    1 стақан бүлдірген;
•    1 апельсин;
•    100 г шоколад;
•    дәміне қарай көпіршітілген кілегей.

Дайындау әдісі:
Банан, алма, киви және апельсинді бөлшектеп турап алыңыз да, араластырып, оған бір стақан бүлдіргенді қосыңыз. Шоколад жұмсаруы үшін біраз уақыт бөлме температурасында ұстаңыз. Одан кейін оны төртбұрыштап турап, жемістерге қосыңыз. Салаттың үстіне кілегейді қосып, бетіне шоколадты үккіштен өткізіп, себіңіз.

3. Тропикалық жемістерден жасалған салат

Құрамы:
•    1 ананас;
•    2 манго;
•    2 банан;
•    ½ стақан анар дәндері;
•    2 ас қасық кокостың тәтті жаңқасы.

Дайындау тәсілі:
Ананас, манго, бананды турап, оларды анардың дәнімен араластырыңыз. Салатты бірнеше сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз немесе түнгі уақытқа қалдырсаңыз да болады. Дастарханға қоярда бетіне кокос жаңқасын себіңіз.

4. Печенье мен йогурт қосылған жеміс салаты

Құрамы:
•    1 тілім қарбыз;
•    1 алма;
•    1 киви;
•    2 тілім консервіленген ананас;
•    15–20 жүзім;
•    ½ стақан грек жаңғағы;
•    200 г жұмсақ печенье;
•    3 ас қасық қоспасыз йогурта;
•    дәміне қарай ұнтақталған даршын.

Дайындау әдісі:
Қарбыз, алма, киви және консервіленген анас тілімдерін араластырыңыз. Жүзімді екіге бөліп, сүйегінен тазартып, жемістерге қосыңыз. Жұмсақ печеньені ұсақ бөліктерге сындырып, жаңғақ қосыңыз. Печенье мен жаңғақты жемістерге қосып, оны йогуртпен араластырып, дәміне қарай даршын себіңіз.

5. Авокадодан жасалған жеміс салаты

Құрамы:
•    3 орташа көлемді авокадо;
•    2 ас қасық лимон шырыны;
•    ½ стақан қоспасыз йогурт;
•    2 ас қасық бал;
•    1 шәй қасық лимон қабығының үгітіндісі;
•    1 алма;
•    1 банан;
•    1 стақан сүйегінен тазартылған жүзім;
•    300 г консервіленген мандарин.
 

Дайындау әдісі:
Піскен авокадо жемісіні сүйегінен тазартып, оны төртбұрыштап тураңыз. Оған лимон шырынын қосып, 5 минутқа қойыңыз да, шырынын төгіп тастаңыз.

Бірнеше ас қасық йогуртты балмен және лимон қабығының үгітіндісімен бірге араластырып, дәмдеуішін дайындап алыңыз.

Авокадоға банан, алма, жүзім және консервіленген мандаринді қосып, араластырыңыз да, дәмдеуішін қосыңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Мөлдір

Кеттім жасаймын)))

Айдана

Қаражидек алматыда сатылады ма? Қай жерде сатылады екен? Көзге пайдалы дейді ғой

Айсұлу

Қаражидектен тосап жасауға болмайды ма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз