Өлең, жыр, ақындар

ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен алматылық мектептердің аты аталды

Бүгін Алматыда білім беру саласы мамандарының тамыз кеңесі өтіп жатыр. Жиын барысында қалалық Білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашева қаладағы білім беру саласындағы жетістіктер мен олқылықтар туралы баяндады.

Оның айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша Алматы биыл да республика бойынша көш бастап тұр.

Қала түлектерінің жинаған орташа балы 97,5 болып отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен 17 балға артық.

Сонымен қатар, басқарма басшысы биыл ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен мектептерді де атады.

Оның айтуныша, жалпы алғанда 279 түлек шекті балл жинай алмады.

«192-мектепте 30 түлектің 12-сі шекті балды жинай алмады. 81-гимназияда - 10 оқушы, 141-гимназияда - 6, 185-гимназияда 6 оқушы шекті көрсеткішке қол жеткізе алмады», - деді басқарма басшысы.

Рахат Шимашева аталған мектеп басшыларына білім беру сапасын күшейтуге, әр пән бойынша кешенді талдау жүргізуге, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға ұсыныс берді.

Ал, биылғы оқу жылында ҰБҚ кезінде үздік нәтиже көрсеткен мектептер қатарында 140, 90, 39, 92, 175 мектептер аталды.

Қалада 16 түлек максимал 140 баллдың 135-139 бала аралығында жинаған. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар