Өлең, жыр, ақындар

Томирис патшайым

Томирис (Тұмар) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. 

Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.

Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.

Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.

— Мидиялықтардың патшасы! — , дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. — Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш. 

Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды. 

Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. 

Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. 
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!

Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. 

Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді. 
Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді. Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Назар аудар:

Кир патшаның сақтарға жорығы

Томирис

Тұмар немесе Томирис патшайымның өмірі туралы 10 факт


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (74)

бауке

Томирис казакша Танiрiм то есть богиня дочь Тенгри ни какая железо не тотем, она похоронена как подобает царице в кургане вся в золоте не тупите и не принижайте вашу царицу.

Ардақ

Бауке, таңірім деген мағынада емес, оны "царица" екенін бəрі біледі. Сам не тупи...

Гаухар

Не үшін басқа тақырыпта басқаша болу керек еді ғои онын балалары туралы анасы кім деген сияқты

5 сынып Нұрсая

Дұрыс біз осыны оттік бізге ол туралы реферат жазуға берді

Олжас

тарихты жаксы білген ЖАКСЫ!!!

Гулим

Сонымен Томирис кай жыл аралыгында омир сурген

Али

ж.ж.с.д. 570-520 жыл аралыгында омир сурген

ерасыл

уау жаксы мәлемет екен супер

Асанəлі

Мәлімет күщті

Томирис Ибарханова

Мен бул мəліметті есімде сақтаймын

Мөлдір Ералы

ЖАРАЙСЫЗДАР

жансая

Бул малиметти мен даптериме туртип коямын

Сарбиноз

Өте керемет біраз мәлімет алдым

Айсұлу

Өте керемет маңызды мәліметтер екен

Шұғыла

Өте қызықты жақсы мәлімет екен маған ұнады

Жанна

өте кереме мәлМЕТ

абай

өте керемет

Жанна

өте керемет

дана

осы тарих осып келе жаткан балдапандарга былдырып осы тарихты сактап калаиык

фати

дұрыс айтасың

Дінмұхамед Эркинов

Мен тұңғыш қызымды Томирис деп атадым еліне жеріне халқына басшы болсын деп ниет қылып.

Ақбаян

Осы деректің арқасында мен жәрайсың деген баға алдым

Анеля

Осы деректің арқасында мен жәрайсың деген баға алдым

Меруерт

Тамаша!

Темирлан

Мұндай деректер тіпті Уикипедияда жок. Мен КЕРЕМЕТ деген баға алдым.BILIM - ALL kz-ке рахмет.

айдар

ж.ж.с.д деген не расшифровкасы

Айжан

Жақсы мəлімет.Осы мəліметті жазған адамға рахмет

Досымжан

Жақсы күшті

Сұлтан

Өте жақсы мәлімет.Рахмет

Сұлтан

Керемет мәліметтер

Нұрқаят

Күшті күшті

Айя

Рахмет .

Мадина

Жаксы мен бирак озиме керек акпарат ала алмадым !

жания

рахмет көп

Мокося

Супер

Акбаян

Керемет

Dias

Уау кандаи керемет малимет мен бұнымен келысемын

Жан

Томиристің сипаттамасы пж айтындаршы

5сынып Балжан

өте керемет әңгіме екен

аяна

керемет

маған ұнайды

өте керемет

жанель

керемет болган

Sultan

керемет

Асель Есимова

Сіздерге көп рахмет

еееелдос

менің ойымша мәлімет өте керемет

Томирис

Керемет бірақ өзіме керек мәлімет жоқ!

Вава

Жақсы

Аяжан

күшті маған ұнады

Гулдана

Керемет бул тарихи малымет маган катыунады

Дария Басшықызы

Өтінем маған томиристің шын аты тұмар онда не үшін томирис деп атағанын айтып жібересіздер мее???

Қаламқас

Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл"). Негізі Томирис, қазақша Тұмар деп айтылады. Әмір Темірді, Темірлан десек орыстар Тамерлан немесе Тимур деп атайды. Барлық нұсқа дұрыс. Қай тілде айтылатынына байланысты.

Германияны қазақ тілінде Алмания деп те айтып жатады, әр тіл өзінің ережелеріне, құрылымына қарай атайды. Одан мағына өзгермейді.

Myrza

Өте керемет

Раушан

Өте керемет!Бұл мәтінді дәптеріме жаздым келіп тұр

Рауа

Өте Керемет!

Бұл керемет

нұрболат

ұнаса лайк

Алтынай

Керемет біз осы туралы ашық сабақ өтейін деп жатырмыз

Каусар

бизде осыны оттик кызык малимет озиме керектилерин алдым оте кызык болды

Жақсы мәлімет екен рахмет

Жаншуақ

Өте керемет маған ұнады

Жаншуақ

Күшті✌

Айсауле

Өте тамаша мәлімет болашқта керек болады

Салима

Томиристі таныған сайын,рухым биіктеп,күш-жігерім артады, Қазақ қызы болғаныма мақтанамын

Салима

Тұмар сөзі: су,ауа,жер үшеуінің біріктіруші сөз

...

Жақсы мәлімет екен

Шынарай

Томеристің жоғарғы бсшысының атауы? Кім біледі айта салыңыздаршы

Jan

Óte keremet

Төкен Еркеназ

Керемет✌

Айнур

Керемет

Разия

рахмет

Асик

Жаксы мәлімет

Аружан

ж.ж.с.д. деген қандай сөз

Есенали

мен үшін ол өте пйдалы ақпарат

Оля

Жақсы❤ұнады❤рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз