Әлемдегі ең таңғажайып 16 шағын елдімекен

Әрбір адамның өзінің белгілі бір ел және ондағы демалыс орны жайлы түсінігі қалыптасқан. Ал, мұндай елдімекендер әлем бойынша өз алдына ерекшеленіп тұрады, сонымен қатар ортақ тұстары да жоқ емес: таза ауа, халықтардың аз шоғырлануы және кішігірім жайлы кеңістік.

Bilim-all.kz сізді тамсандыратын және де қандай да бір саяхат түріне ең қызықты болып табылатын ең ерекше әрі таңғажайып 17 шағын елдімекенге іріктеу жасап, назарларыңызға ұсынады.

Гальштат, Австрия (Hallstatt, Austria)

 

© depositphotos

Тауға қарай беттеген бірнеше қабатты көзтартарлық әдемі үйлер, көгілдір айдын көлде қалықтаған аққулар, айнадай тегіс су бетіне шағылысқан Альпі тауларының бейнесі, міне осының бәрі ертегідегідей әсер қалдырады.

Гальштат халқының саны 1000 адамнан аспайды. Ал оның орналасқан жері қайталанбас Альпі таулары мен Хальштаттарзе көлінің арасындағы жердің тар бөлігінде.

 

Симиан ла Ротонд, Прованс, Франция (Simiane-La-Rotonde Village in Provence, France)

 

© depositphotos

Көгілдір  аспан, лавандалар алқабы, Альпі таулары, Жерорта теңізі өнімінің тағамдары және Прованстың таңғажайыптығы – осылардан артық жанның жайбарақат тынығуына басқа не керек дерсіз. Бұл мекеннің ең көрікті жерлерінің бірі, ол іргетасы XII ғасырда қаланған Агу қамалы. Осы қамалдағы12 бұрышты пирамида тәріздес ротондаға байланысты қала аты қойылған. Мұнда антикалық музыканың жазғы фестивалі ұйымдастырылып тұрады.

 

Алуан түсті мекен, Тайчжун, Тайвань (Rainbow Village, Taichung, Taiwan)

 

Justgola

Тайчжун қаласының тыс өңірі кезінде тұрғындарының басым көпшілігі кейінірек тастап кеткен әскери елдімекен болған. Билік иелері кенеттен мұндағы үйлерді бұзу туралы шешім қабылдайды, ал 86 жастағы қария өз ауласын бұзудан сақтап қалу үшін үйінің қабырғаларын әртүрлі кейіпкерлермен және ою‑өрнектермен әрлеп бояп тастайды. Қазіргі таңда бұл жер Тайвань қаласының туристер ең көп тамашалайтын көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

 

Марсашлок, Мальта (Marsaxlokk, Malta)

 

© depositphotos

Марсашлок – Мальтадағы балық шаруашылығы қарқынды дамыған көрікті өлке. Мұнда теңіз айлағында дауыл болмайды, сондықтан да сары құмнан соғылған үйлер адамдар жүруге арналған жағалау мен көлік өтетін шағын ғана жолды қалдыра отырып, суға қарай өте жақын орналасқан. Марсашлок тұрғындары небәрі 3000‑ға жуық қана. Ер адамдардың көбі ата‑бабасынан мұра болып келе жатқан кәсіптің бірі балық аулаумен шұғылданады.

 

Су бетінде қалықтаған Урос аралдары, Боливия мен Перу (Floating Islands of Lake Titicac, Bolivia, Perú)

 

© depositphotos

Перу мен Боливия шекарасындағы Титикака көлінде 42 қалықтаған аралдарды қоныстанған уру тайпасы мекендейді. Бұл аралдарды уру тайпасының өздері қамыстан жасаған. Ал, осы аталмыш материалдан адамдар балық аулауға шығу үшін қайықтар жасайды. Олардың өркениеттен алыстығына қарамастан, мұнда жергілікті тұрғындарға теледидар қарауға мүмкіндік беретін күн сәулесі панельдерін байқауға болады.

 

Альберобелло, Италия (Alberobello, Italia)

 

© eastnews

Альберобелло 1400 кешенді күмбезді үйлерімен әйгіленіп, ЮНЕСКО‑ның тарихи және гуманитарлық мұраларының бірі ретінде мойындалды. Трулли – қарапайым шаруалардың әктастан жасалған тұрғын үйлері – қабырғасы құрғақтай қаланған, қайталанбас құрылыс үлгілерінің бірі болып табылады. Трулли атауы латын тіліндегі «trulla», яғни күмбез деген мағынаға ие.

 

Монсанто, Португалия (Monsanto, Portugal)

 

© depositphotos

Шағын Монсанто елдімекені «нағыз португалиялық елдімекен» атауына ие. Жергілікті халықтардың: «Монсантода алдымен үйлерден тас пайда болды ма, әлде тастардан үй пайда болды ма, ажырата алмайсың» деген мәтелі жергілікті сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігін дәлме‑дәл бейнелейді. Мұндағы тау тастарының бір бөлшегі секілді алып тастар кейбір үйлердің қамалдары мен шатырлары болып табылады.

Қызыл шатырлы шағын ғана үйлер зәулім гранитті алып тастардың астында қалып қойғандай көрінер көрінбес, ал оның тар көшелері бейне бір алып тастардан ойып қойғандай көрінеді.

 

Учхисар, Түркия (Uchisar, Turkey)

 

© flickr/yk poon

Учхисар осы аталмыш ауданның халық саны ең тығыз қоныстанған шағын елдімекен болып табылады. Халықтың басым бөлігі қираған, біршама танымал шатқалдарда, әлбетте, заманауи елдімекеннен орын тепкен, әйтсе де шатқалдардың биік басында да тұрғын үйлер жоқ емес.

Бұл өңір орталық шыңның айналасында орналасқан, мұнаралы және үшкір ақ тасты бірден бір биік шатқалды қоныс болып табылады. Шатқалдың ең биік нүктесінен кең даланың әсем көрінісін тамашалай аласыз.

 

Лунцзи күріш террасасы, Қытай (Longji Rice Terraces, Chinese)

 

© depositphotos

Лунцзидағы күріш террасасы Қытайдағы ең көрікті орындардың бірі. Халық арасында оны Айдаһар қыраты террасасы деп те атайды, ал бұл жер Пинь Ан атты табиғаты әсем ғажайып өлкенің маңында орналасқан. Бұл террасалардың негізі XII ғасырдың соңына таяу тау шатқалдарына қарай 100 метр биіктікке дейін қаланған көпжылдық еңбектің нәтижесі. Аталмыш террасаның іргетасын қалаған шаруалар таулы аудандардағы өздерінің басты күн көрісі болып табылатын алқапта тынбай еңбек етудің қамын ойлады және де бұл кәсіп олардың отбасын қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі болды.

 

Парианган, Индонезия (Pariangan, Indonesia)

 

Аталмыш елдімекеннен бастап Батыс Суматраға қарай көтерілетін сөнбеген Мерапи жанартауы осы елдің табиғи мұрасының бірі болып саналады. Парианган минангкабау халқының ең көне қонысы болып табылады, сондықтан да әуес туристерге мұндағы түпкілікті халықтардың мәдениеті мен әдет‑ғұрыптары жайлы көбірек білуге мүмкіндік туады.

Мұнда үшкір тәріздес келген дәстүрлі үйлер қазіргі уақытқа дейін мінсіз сақталып қалды, олардың арасында ротангтан өрілген 300 жылдық құрылыс, сонымен қатар XIX ғасырдағы сәулетті мешіт бар.

 

Куа Ван, Вьетнам (Fishing Village Cua Van, Vietnam)

 

© depositphotos

Куа Ван – Халонг шығанағындағы балық шаруашылығын басты кәсіп етіп алған табиғаты тұнық, тамаша орын. Бұл жер балық шаруашылығы қарқынды дамыған, дәл су айдынында орналасқан жүзбелі мекен. Мұндағы жергілікті халықтардың Оңтүстік Қытай теңізінің алуан байлықтарын өндірумен айналысып жатқан тұрмыс‑тіршілігіне куә болғыңыз келсе, онда еспелі қайықпен жете аласыз. Жергілікті тұрғындар түрлі түсті үйлер мен салдарда (байластырып суға ағызатын ағаштар, судан өту үшін қолданылады) мекен етеді, сондай‑ақ мұнда жүзбелі үйлердің бірінде мектептері орналасқан.

 

«Голландиялық Венеция», Гитхорн, Нидерланды (Giethoorn, the Dutch Venice, Nederland)

 

© depositphotos

Гитхорн – Голландиядағы ең көрікті орындардың бірі, сондай‑ақ оны көбінесе «Голландиялық Венеция» деп те атайды, яғни ол шамамен 7,5 шаршы шақырымды қамтитын жасанды су айдынында орналасқан. Ал, халықтардың қоныстану негізі 1230 жылдан бастау алды. Елдімекендер бойынша қозғалыс үшін велосипед жолы мен көптеген су жолайрықтары орнатылған. Олардың негізгі көліктері ретінде ескекті қайықтар мен электр қозғалтқышты катерлер қолданылады. Үйлері шағын аралдарда орналасқан және олар бір‑біріне ағаш көпірлермен жалғанған (жалпы елдімекен бойынша 50 шақты үйлер бар).

 

Бибури, Ұлыбритания (Bibury, England)

 

© depositphotos

Бибури – Англияның ең көне әрі табиғаты әсем, көрікті шағын мекендерінің бірі саналады, ал оның негізінің қалануы сонау XI ғасырлардан бастау алған. Мұнда сол кезден бері бейне бір уақыт тоқтап қалғандай көрінеді, оның дәлелі, сол баяғы ескі шағын зәулім үйлер, тұнық табиғат және мұнда қалашық әсемдігінің бүлінбеуі үшін, тіпті ешбір қоғамдық көліктер қатынамайды. Бұл қалашыққа талай ақындар мен суретшілер шабыт алу үшін ағылып келіп жатады, сонымен қатар мұнда кинематографтар да ‑ «Бриджит Джонстың күнделігі» және Агата Кристидің Миссис Марпл жайлы әңгімелері фильмдерін түсірген.

 

Рейне, Норвегия (Reine Lofoten, Norway)

 

© depositphotos

Рейне – сюрреалистік табиғатымен таң қалдыратын балықшылар мекені. Үйлері көз тартарлықтай әдемі, ал мұндағы халық саны небәрі 350-ге жуық.

Рейненің тарихи негізі сонау 1743 жылдан бастау алады. Кішігірім елдімекеннің айналасы Фьорд тауымен қоршалған. Соншалықты мүлгіген тыныш елдімекен бейне бір суреттен қарағандай көрініс қалдырады, сондай‑ақ жыл сайын туристер бұл жердің әсем табиғатына куә болып, тамашалау үшін әлемнің түкпір‑түкпірінен ағылып келіп жатады.

 

Гасадалур мекені, Фарер аралы, Дания (Faroe Islands, the Village of Gásadalur, Danmark)

 

Гасадалур мекені Фарер архипелагтарының құрамына кіретін, Вагар аралының ең биік өткелдерінің арасындағы тамаша жазықтығында орналасқан. 2002 жылы аталмыш өлкенің халық саны небәрі 16 адамды құраған. Дәл осы уақыттарда бұл жерге қоныс тебу талайлар жете бермейтін қиынның қиыны еді, бір жағынан аса көп уақытты қажет ететін. Ал, 2004 жылы адамдардың өлкеден әрі‑бері қоныс аударуына жеңіл болуы үшін, мұнда арнайы өткел орнатылды және де осыдан кейін мұнда бірте‑бірте туристер пайда бола бастады.

 

Сан‑Джиминьяно, Тоскана, Италия (San Gimignano, Toscana, Italia)

 

© depositphotos

Сан‑Джиминьяно б.з.д. III ғасырда шағын елдімекен ретінде этрускілер өркениеті тұсында негізі қаланды. Бұл шағын өлке б.з. X ғасырда ғана қалашыққа айналды. Қазіргі таңда Сан‑Джиминьяно ортағасырлық ұлы держава және де өзінің мұнараларымен әйгілі кішігірім қалашық. Мұнда ортағасырларда 72 мұнаралы үйлер болса, қазір олардың тек 14-і ғана қалған.

Жергілікті халықтар Сан‑Джиминьяноны Тоскана мен бүкіл Италияның жүрегі деп санайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (3)

Айдар

Тарихы бар қалалалр ерекше әдемі әрі құнды

Арман Ағай

Керемет мен мұғалім балаларга осы сайт күшті деймін

Ғабит

Ия шынында да керемет өте сүлу көріп көз тоймайды. Осы сайтты кеңейттірсеңіз... Рахмет

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)