Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ-ге оқуға кел Жас түлек!

Білім мен ғылым саласында 80 жылдан аса тарихы бар және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі  жоғарғы оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылатын бірден-бір жоғары оқу орны.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің өзгеріп, жаңа сипатқа ие болған шақта, отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы аталған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Елбасының саясатының арқасында, білім саласында көптеген реформаларды жүзеге асырып, тың идеяларға дем беріп, жаңаша бетбұрыс жолына түсті.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев алға тартып отырған  инновациялық дамудағы басты мақсат - Қазақстанның өз базасын жасау, ең алдымен инноваторларды,  жаңа буынның технократтарын дайындау маңызды міндеттерін жүзеге асыру Инновациялық экономика құру -  ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды. Осы тұста инновациялық менеджмент саласында білікті мамандарды даярлауға зор көңіл бөлінуде.

Университетіміздің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы жыл сайын, менеджмент және маркетинг, инновациялық менеджент, логистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару саласында жоғары білікті мамандар мен жетекшілер дайындап шығаруда.

Кафедра өзінің әрбір бітірушісімен мақтанады. Біздің бітірушілер ғылым жолында да үлкен жетістіктерге жетті, докторлық және кандидаттық диссертацияларды сәтті қорғады, ал қазір мемлекетіміздің ұлттық компанияларында, ЖОО-да және зерттеу институттарында жауапты лауазымдарға ие.

Біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысады. Бұл  біздің университет жұмысының маңызды нәтижесі, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз.

 

Кунанбева Дуйсекул Ашимбековна

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессоры э. ғ. д.

Таубалды Айсара Еділбекқызы

     «Инновациялық менеджмент» мамандығының магистранты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

zhanayassem

Керемет жазыпсыз!yes

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз