Өлең, жыр, ақындар

Тарихы білу - тағылымды іс

Елбасы Н.Назарбаев: Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі – деп айтқандай осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорданың бүгінгі бейнесі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал бүгінгі Қазақстанның алып жері Алаш арыстарының аманаты. Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», Мағжанның тілімен айтқанда «Мен жастарға сенемін» деп болашақ ұрпақ үшін тәуелсіздіктің алғышарттарын жасап кеткен еңбектері Егемен Қазақстанның қалыптасуының негізін қалауға мүмкіндік берді. Мысалы, "Біз кімбіз?", "Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?", "Қай жерді мекен еттік?", "Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?". Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз! Ал қазақ тарихы тереңде жатыр.

Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзінің өткен тарихын білуі тиіс. Өткен күннен алыс жоқ, Келер күннен жақын жоқ –демекші, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда, яғни, 1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей сұлтан Моғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасыға ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен еді. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. Бүгін біз тариха үңілсек, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.

Биыл - тарихи маңызы бар жыл. Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. 1917 жылы 13 желтоқсанда Алашорда үкіметі жарияланды. Осы жылы Орынбор қаласында бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізіліп, нәтижесінде делегаттар қолдауымен "уақытша Ұлт Кеңесі" түріндегі билік органын құру және оған "Алаш Орда" деген атау беру туралы қаулы қабылданды. Астанасы ретінде қазіргі Семей қаласы танылған еді. Үкімет төрағалығына бірден үш адам ұсынылғанымен, көпшілік даусымен Әлихан Бөкейханов төраға болып сайланады. Отарлыққа қарсы күресе білген қайраткерлер қатарында А.Байтұрсынов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер, М.Шоқай сынды ұлт ертеңі үшін тағдырын сынға, өмірін тәуекелге байлаған ұлт азаматтары болды. Сол кездегі бұратана халықты басып-жаншуда солақай саясатын жүргізе білген сұм Сталин аса айлалығымен аталған үкіметті құлатуға бар күшін салады. Үкіметті құруға атсалысқандарды кешіру туралы бұйрық бергенімен, кейін бәрін түгелдей жаппай қуғынға салады. Сол кездегі қараңғы халықтың саяси сауатсыздығын пайдаланған Кеңес үкіметінің жандайшаптары ағайын арасына от салып, Алаш Орда үкіметіне қарсы қояды. Ақырында сыртқы күштердің әсерінен Алаш Орда үкіметі таратылады. Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз. Осы кезде қазағымның «уақыт алыстаған сайын, өткеніміз жаңғыра түседі»-деген сөзі есімізге еріксіз оралады. Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен дегдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тыңдайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент. Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи міндетті Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсан тәуелсіз республика болып жарияланып, өз Еліміздің мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұраны жарық көрді. Биылғы жылы осы ұлттық нақыштарымыздың 25 жылдығы аталып өтіледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген.«Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» деген терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз