Эссе және өлең-жыр байқауы

Найзағайдың қаупі

Шымкент аграрлық колледжінің ТК9-162 тобының студенті Дидарбекова Динара
Ғылыми жетекшісі - Жақып С.Д.

Жоспар 

І. Кіріспе 
1.Найзағай туралы жалпы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Найзағайдың қаупі
2.2. Найзағайға қалай дайындалу керек?

ІІІ. Қорытынды

3.1. Найзағай туралы қызықты мәліметтер

 

Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті (кернеулігі 1 Мв/м) электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек.  

Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.

Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі. 

Қаупі

Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.

Найзағайға қалай дайындалу керек

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м. Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.     Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз. Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз. Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз. Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

Найзағай туралы қызықты мәліметтер

Жыл сайын жер бетінде 44 мыңға жуық найзағай жарқылдайды, яғни шамамен сағатына 2 мың найзағай, және әр секунд сайын Жер бетінің әр аймағындағы тұрғындар шамамен 100 найзағайды көреді. Найзағай көбіне күннің екінші жартысында — 13 пен 24 сағат аралығында орын алады; 15 пен 18 сағат арасында ең аз жарқылдайтыны байқалған. Найзағайдың ұзақтығы шамамен бір сағат. Алайда тропиктерде және Кавказ тауларында олар кейде 12-13 сағатқа дейін созылады.

Ең көп найзағайлы күндер – жылына 220 рет – Ява аралында (Индонезия) орын алған, ал Бейтензорга қаласында тіпті 322 күн бойы найзағай жарқылдаған. Санта-Мария (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында найзағайлы ауа-райы екі жылда бір рет болғаны болмаса, өте сирек. Ал Мысырда екі жүз жылда бір рет қана болуы мүмкін.

Найзағай қандай ағаштарға құмар? Мүлде найзағай түспейтін, не анда-санда ғана түсетін ағаштардың түрлері болады. Сонымен қатар, үнемі найзағай түсетін ағаштардың да түрлері бары белгілі. Ағашқа найзағайдың түсуі ағаштың қабығындағы сызықтарының ұзындығымен түсіндіріледі. Әсіресе, мұндай сызықтар емен ағаштарында көп кездеседі. Биік ағаштар – найзағайдың нағыз нысаны. Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым. Әйткенмен кейде топ болып тұрған ағаштарға да найзағай жиі түседі. Құрғақ ағаштар найзағай түскеннен соң, тез жанады. Адамдар бұрыннан бері ағаштардың ішінде еменге үнемі найзағайдың түсетіндігінен хабардар. Ежелгі славян халқы еменді «Перун ағашы» деп атаған. Бұл атау Перун Құдайдың атымен аталса керек. Ғалымдар мұны еменнің тамырының тым тереңде орналасқандығымен түсіндіреді. Еменнің жерге берік орналасқан тамырлары мықты болып келеді. Мықты тамырлар жердің сулы қабатына оңай жетеді. Сондықтан еменді "жай тартқыш ағаш" деп атайды. Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, найзағайдың түсуінен ашық далада өстетін емендер мен теректер көбірек зардап шегеді екен. Сонымен қатар, найзағайдың шыршалар мен қарағайларда да «жұмысы жоқ» емес. Әйткенмен жаңғақты үйеңкі ағаштарына найзағай аса жолай қоймайды. Найзағайдың 100 ұруынан шамамен мынанша ағаш зардап шеге алады: емен – 54,  терек – 24, шырша – 10, қарағай – 6, бүк ағашы – 3,  жөке ағашы – 2, акация - 1. Әйткенмен кез келген ағашты найзағай ұру қаупі барын естен шығармау керек. Жай күнгі ауа райының қуатталуы оң болса, жердікі (ондағы өсімдіктермен қосқанда) керісінше. Өсімдіктер өздерінің құрылымдарына сай түрлі электр өткізгіштікке ие болады. Еменнің осалдығы болса да, оның қылқан жапырақты ағаштар және теректермен салыстырғанда тамыры тереңге кетеді. Ағаштардың құрылымы мен тамырларының тереңге кетуіне байланысты, найзағай да ағаш таңдайтын көрінеді. Ағаш діңін жарып шығып жататын сулар кейде ыстық ауа райының әсерінен буға айналады. Осы арқылы найзағай шақырады. Келер маусымда жарасы жазылып, тек тік сызығы ғана қалады. Ал егер найзағайдың түсуі салмақты болса, ол ағаштың өмірін ұзарта қоймайды. Найзағай түскен ағашатардың ішкі жұмысы бұрынғысына қарағанда нашарлай береді. Ағаштар өздеріне найзағайды тарту арқылы өзі көлеңке етіп тұрған үйді не адамды көп жағдайда қорғап қала алмайды. Ғимараттың қасынан отырғызылған ағаштар найзағайды тез аулай алады. Найзағай ұрған ағаштан музыкалық аспап жасауға болады. Мұндай музыкалық аспаптардың өзіндік ерекшелігі де жоқ емес.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...