Өлең, жыр, ақындар

Қарағандыда 342 мың теңгеге жоғары білім алуға болады

Қазақстанның ең ірі университтерінің  бірі - академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті төрт жылдық курс оқып, 342 мың теңгеге жоғары білім алуды ұсынады.

«Заң, экономика және гуманитарлық мамандықтар бойынша күндізгі оқу ақысы өткен жылы да, биыл да өзгерген жоқ. Соманың ұлғаюы да мүмкін. Бірақ, әзірге оған еш негіз жоқ», - деп хабарлады Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы.

Сырттай оқу ақысы арзанырақ - 198 мың теңге. Даярлау жұмыстары баклавариатта 75 мамандық бойынша, магистратурада - 51, PhD докторантурасында - 12 мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінде оқу орнының 12 факультетінде 10 мыңнан астам студент, магистранттар және докторанттар оқиды.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Саят Құрымбаевтың айтуынша, студенттерді тарту үшін 15 сәуір күні ЖОО ректораты мектеп және колледж түлектерін, ата-аналар мен мұғалімдерді Ашық есік күніне шақырады.

Қарағандының тағы бір беделді оқу орны - Мемлекеттік Техникалық университетте күндізгі оқу ақысы 346 мың теңгені құрайды. Сырттай техникалық мамандықты 246 мың теңгеге алуға болады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар