Өлең, жыр, ақындар

FTР архивтерін және серверлерін қолдану

Internet информацияның көптеген түрлерін пайдалану мүмкіндігін береді. Жалпыға бірдей пайдалануға болатын файл архивтерінің маңызы зор, оларды сұраушылар да өте көп. Мұндай архивтер компьютер желілері шығысымен-ақ пайдаланыла бастады. Бірақ қазіргі кезде солардың кейбірі ғана электрондык почтада кеңінен пайдаланылып жүр (калғандарында почталық файлдық сервер болмаған).

Файлдар архивінің басым көпшілігі компьютерлер арасында файлдарды жеткізудің желілік протоколы - FТР арқылы жұмыс істейді. FTР - интерактивті қатынас жасау жолымен алыстағы компыотерлерден мәлімет (құжат, сурет, программа т.б.) алу мүмкіндігін беретін Іnternet қосымшасы. FТР-архивтерімен қатынас жасауда әрбір абоненттің стандартты аты болады, ал пароль ретінде әркімнің электрондық почтадағы адресі пайдаланылады. Сол себепті бұлай қатынас жасау тәсілі  FТР қатынасы деп аталып жүр. FТР-архивінін адрестері ҒТР арқылы жергілікті архивтермен қатынас жасауды қамтамасыз ете алатын компьютерлердің ІР адресіне сәйкес келеді. Әдетте бұл адрестер домендік формада жазылады, мысалы: gardo.uwasa.fi, ftp.kiae.su. Мұнда нүктелермен бөлініп жазылатын төрт саннан тұратын адрес (домендік формаға сәйкес адрес) сирек пайдаланылады, олар пайдаланылған күнде де тік жақша ішіне алынып жазылады. Домендік түрдегі адрестер мен сандық адрестер бір-біріне сәйкес келеді.

Желіге тек электрондық почта арқылы кіретін абоненттерге не істеу керек? Олар үшін FТР-архивтерімен байланыс жасау жүйесі FТР mаіl серверлері

деп аталып жүрген, кейбір негізгі тораптағы компьютерлерде орналаскан, арнайы программа қызмет атқарады.

FТР-mаіl сервері әр компыотерден электрондық почта арқылы тапсырма алады, FТР арқылы қажетті FТР-архивімен байланыс жасап алынған тапсырманы орындайды да, жүмыс нәтижесін электрондық почта арқылы кайтадан тапсырма берген компьютерге жібереді. Көбінесе FТР-mаіІ серверлері жеке компьютерлердің (өздерінің арнайы почталық файл серверлері жоқ) жергілікті архивтеріндегі мәліметті алу үшін қолданылады. Кейбір почталық файл серверлері өз командалар жиыны ішінде FТР-mаіІ серверлеріндегі сияқты командаларды пайдалана алады. Өз командалары ішінде FТР-архивімен байланысуды сұрайтын команда кездестірсе, ол бірден FТР-mаіі сервері режимінде жұмыс істей бастайды.

Сервермен байланысқанда хат тақырыбын көрсету қажет емес, сервер Subject (объект) өрісін карастырмайды. FТР-mаіl серверіне арналган команданы қатардағы бірінші позициядан бастап теру керек.

FТР-архивімен бірден байланыса алмаған жағдайда сервер онымен қатынасуды бірнеше рет қайталап орындауға тырысады, олардың арасында 6 сагаттай уақыт өтуі керек. FТР-mаіl сервері көлемі 10 Мб-тан аспайтын файлдарды ғана жібере алады. 60 Мб-тан асатын файл бірнеше бөлікке бөлініп әрқайсысы бір хат ретінде жіберіліп отырады.

Әртүрлі серверлердің командалық жүйелерінде немесе кейбір командалардың орындалуында айырмашылық болуы мүмкін. Барлық серверлер үшін һеlр командасы ғана бірдей болып орындалады, ол аркылы әрбір адамға көмек түріндегі нұсқау беріледі, сол нұсқауларды оқи отырып нақты бір сервермен байланысу қажет.

Көп жагдайларда осындай серверлер түрі мекемелердің компьютерлік орталықтарынын кейбір программалаушыларының аянбай қызмет істеуінің арқасында ғана жүмыс атқарып жүр. Мүндай серверлер ресми қызмет көрсететін тізімде жазылмайды. Мысалы, шетелдегі бір өте белгілі FТР mail-серверінің нүсқауында оның бір апта бойы жүмыс істемей қалуы да мүмкін екені ашық айтылған.

Кейбір FТР-архивтерін пайдалануға шек қойылуы мүмкін екенін де есепке алып отырған жөн. Көп жағдайларда әртүрлі мекемелердің компьютерлік орталықтары өз архивтерін FТР  арқылы пайдаланушыларға өз еркімен береді. Бұдан сервистің бұл түрінің тұрақты емес екені, ал екінші жағынан оған белгілі бір шек қойылатыны туындайды. FТР арқылы FТР-архивінен хат алу шетелдегі пайдаланушылар үшін жүмыс уақытынан тыс кезде не демалыс күні беріледі, оған қоса қатар орындалуға тиіс FТР-сеанстарына да (кейбір абоненттер үшін) шек қойылып отырады.

Әдетте FТР архивтерінің қажет емес деп табылатын клиенттермен қатынас орнатылмайды да, ондай шектеулер туралы мәліметті FТР арқылы қатынас құрған кезде ғана оқып шығуға болады. Бұл алдыңғы кездерде FТР mail-сервері арқылы кейбір FТР архивтеріне қол жеткізгенде айқын сезіледі, бірақ кейін сондай архивтермен байланыс жасағанда сол шектеулер пайда болады. Шектеулер туралы, FТР байланысы болып өткеннен кейін, FТР mail-сервері жіберетін сол байланыс хаттамасын қарап отырып білуге болады.

Аrсhіе жүйесі. Егер керекті файлдардың аты (немесе аттарының кейбір фрагменттері) белгілі болса, онда сол файл орналасқан архивті тауып алу үшін, әйтпесе өзімізге қажет каталоггар тұрған FТР-архивтерін қарап шығу үшін Аrсhіе -серверлердің әлемдік желілерін пайдалану мүмкіндігі бар.

Агсhіе жүйесі 1000-нан аса FТР-архивтерінің ішкі мазмұндарын белгілі- бір уақыт өткен сайын тұрақты сұрап алып отырады. Оның орталық мәліметтер базасын толықтырып ұстап отыр, онымен дүние жүзінің түкпір-түкпірінде орналасқан қырыққа жақын агсһіе-серверлерлер байланыс жасай алады. Агсһіе-серверлерлердің көбісі сол мәліметтерді керек ететін желідегі компьютерлерге базамен байланысты электрондық почта арқылы да жасата алады. Егер сізге мәліметтер базасын пайдалану қажет болса, онда өзіңізге жақын орналасқан агсһіе-сервер арқылы немесе жылдам байланыс орната алады.

«Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
арнайы пәндер оқытушысы
Жакипова Қаракөз Турганалиевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз